Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 18 қарашадағы "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне арналған сертификаттың бірыңғай нысанын және оны ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" № 265 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Өнімдердің "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін берілген өнімдер типіне арналған сертификаттар олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 153 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 265 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспедегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 265 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|
(Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 153 шешімі редакциясында) |
"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары
І. "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (1)
"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі
туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің
(КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін
ӨНІМДЕР ТИПІНЕ БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ
№ ЕАЭО__________________ (2)
ӨТІНІШ БЕРУШІ________________________________________ | (3) | |
ДАЙЫНДАУШЫ________________________________________ | (4) | |
ӨНІМНІҢ ТИПТІК ҮЛГІСІ___________________________ | (5) | |
ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ__________________________ | (6) | |
СЕРТИФИКАТ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН _____________________ | (7) | |
СЕРТИФИКАТТАУ ОРГАНЫ_____________________________ | (8) | |
ҚОСЫМША АҚПАРАТ__________________________________ | (9) | |
БЕРІЛГЕН КҮНІ________________________________________ | (10) | |
Сертификаттау органының басшысы (уәкілетті тұлға |
М.О. |
|
Сарапшы (сарапшы-аудитор) сарапшылар (сарапшы-аудиторлар)) |
____________ ______________ |
ІІ. "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификатты ресімдеу қағидалары
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданған "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификатты өтініш берушіге Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау органы береді.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, дайындаушы не дайындаушы уәкілеттік берген тұлға болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) болуы мүмкін.
3. Сертификат және оған қосымшалар А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындалады.
4. Сертификат электрондық баспа құралдары пайдаланыла отырып орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – сертификатты беру жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады.
Сертификат орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылған жағдайда, ол осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес сертификаттың әртүрлі жақтарына толтырылады.
5. Қажет болған жағдайда дайындаушының атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орнының (мемлекеттің атауынан басқа) мекенжайы (мекенжайлары) және өнімнің белгіленімі (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.) латын алфавитінің әріптері пайдаланыла отырып, көрсетілуі мүмкін.
6. Сертификаттың барлық жолақтары толтырылуға тиіс (сертификаттың түпнұсқасында жолақтар нөмірленбейді).
7. Сертификатта мыналар көрсетіледі:
а) 1-жолақта – мынадай реттілікпен 5 жолда орындалған жазбалар:
1-ші жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";
2-ші жол – "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың";
3-ші жол – "қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің";
4-ші жол – "(КО ТР 032/2013) талаптарына сай келетін"
5-ші жол – "ӨНІМДЕР ТИПІНЕ БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ";
б) 2-жолақта – "ЕАЭО" аббревиатурасы (Еуразиялық экономикалық одақ) және әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес мүше мемлекеттің 2 мәнді әріптік коды көрсетіле отырып, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сертификаттың тіркеу нөмірі;
в) 3-жолақта – заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жер және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;
г) 4-жолақта – заңды тұлға және оның өнім дайындайтын филиалдары үшін – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты орны және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);
д) 5-жолақта – өнімнің тиісті типіне ол бойынша зерттеу жүргізілген өнімнің типтік үлгісі туралы мәліметтер:
өнімнің типтік үлгісінің атауы;
өнімнің типтік үлгісін сәйкестендіруді қамтамасыз ететін мәліметтер (типі, маркасы, моделі, артикулы, жұмыстық қысымы, жұмыс температурасы (температуралар диапазоны), жұмыс ортасы, отынның түрі (қазандықтар үшін), "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 032/2013) №1 қосымшаға сәйкес жабдықтардың қауіптілік санаттары бойынша сыныптамасы);
өнімнің типтік үлгісі оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және белгіленімі (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болған кезде);
өнімнің типтік үлгісі туралы өтініш беруші ұсынған өзге де мәліметтер;
е) 6-жолақта – Кеден одағы техникалық регламентінің атауы;
ж) 7-жолақта – өнімнің типтік үлгісінің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің хаттамалары) туралы, сондай-ақ өнімнің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігінің дәлелдері ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы мәліметтер;
з) 8-жолақта – сертификатты берген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі және тіркелген күні, сондай-ақ телефонының нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;
и) 9-жолақта – қолдану нәтижесінде "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы, немесе егер көрсетілген техникалық регламенттің талаптарын сақтау тұтастай стандарттың емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілсе (оларды қолданған жағдайда), осындай стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгіленімі және атауы, сондай-ақ өзге де стандарттар мен құжаттар (оларды қолданған жағдайда) туралы мәліметтер және басқа да ақпарат (болған кезде);
к) 10-жолақта – сертификаттың берілген күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен);
л) 11-жолақта – сертификаттау жөніндегі органның мөрін қоя отырып, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Қолтаңбаның орнына факсимильді пайдалануға жол берілмейді.
8. Сертификаттың 5, 7 және 9-жолақтарында көрсетілетін ақпарат айтарлықтай көлемді болған жағдайда, мұндай ақпарат сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сертификатқа қосымшада келтіріледі. Қосымшаның әрбір парағы нөмірленеді және оған сертификаттың тіркелу нөмірі, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), осы органның мөрі қойылады (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Бұл ретте сертификаттың тиісті жолақтарында қосымшаға сілтеме келтіріледі.
9. Сертификатқа осы бөлімде көзделмеген мәліметтер енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған таңбалар мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді.
10. Берілген сертификаттардың көшірмелерін өтініш беруші А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындайды, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) (уәкілеттілік беруші құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.".