Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 154 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сәйкестік сертификатының және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысандары және оларды ресімдеу қағидалары туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Мыналар:

      а) осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін шығарылған Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік сертификаттарының бланкілері осы Шешімнің 1-тармағында көзделген өзгерістер ескеріле отырып дайындалған бланкілерімен қатар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдаланылады;

      б) осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін берілген және тіркелген сәйкестік сертификаттары және Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік туралы декларациялар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанша жарамды болады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 154 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы "Кеден одағының техникалық регламенттеріне" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кіріспедегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатының бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 293шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 154 шешімі редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатының бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары

І. Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатының бірыңғай нысаны

      ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (1)
      СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ



      № ЕАЭО__________________ (3)
      Серия__________№____________ (4)

СЕРТИФИКАТТАУ ОРГАНЫ_____________________________

(5)

ӨТІНІШ БЕРУШІ________________________________________

(6)

ДАЙЫНДАУШЫ_______________________________________

(7)

ӨНІМ__________________________________________________

(8)

ЕАЭО СЭҚ ТН КОДЫ ___________________________________

(9)

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ__________________________

(10)

СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ______________________________________________________

 
(11)

ҚОСЫМША АҚПАРАТ__________________________________

(12)

ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ_______ БАСТАП (13)______ ҚОСА

(14)



Сертификаттау органының басшысы (уәкілетті тұлға

М.О.
____________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)

 
(15)




Сарапшы (сарапшы-аудитор) сарапшылар (сарапшы-аудиторлар))

____________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)


ІІ. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатын ресімдеу қағидалары

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатын (бұдан әрі тиісінше – сертификат, Одақ) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау органы ресімдейді.

      2. Сертификаттау кезінде Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, дайындаушы не дайындаушы уәкілеттік берген тұлға болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) болуы мүмкін.

      3. Сертификаттың бланкілері және оған қосымшалар қатаң есептілік құжаттары болып табылады, мүше мемлекеттерде баспаханалық тәсілмен дайындалады және олардың кемінде 4 қорғаныштық дәрежесі болады, оның ішінде:

      а) позитивтік бейнедегі гильоштық жақтау;

      б) гильоштық жақтаудың периметрі бойынша орналастырылған микромәтін;

      в) жартылай мөлдір голографиялық қорғаныштық элемент;

      г) бланкінің сериясынан, мүше мемлекеттің 2 мәнді әріптік кодынан (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес) және бланкінің реттік нөмірінен (7 араб цифры) тұратын баспаханалық нөмір.

      4. Сертификат электрондық баспа құралдары пайдаланыла отырып орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – өнімді сертификаттау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады.

      Сертификат орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылған жағдайда, ол осы бөлімнің 6-тармағына сәйкес сертификаттың әртүрлі жақтарына толтырылады.

      Қажет болған жағдайда дайындаушының атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орнының (мемлекеттің атауынан басқа) мекенжайы (мекенжайлары) және өнімнің белгіленімі (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.) латын алфавитінің әріптері пайдаланыла отырып, көрсетілуі мүмкін.

      5. Сертификаттың барлық жолақтары толтырылуға тиіс (сертификаттың түпнұсқасында жолақтар нөмірленбейді).

      6. Сертификатта мыналар көрсетіледі:

      а) 1-жолақта – мынадай реттілікпен 2 жолда орындалған жазбалар:

      1-ші жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";

      2-ші жол – "СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ";

      б) 2-жолақта – өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында айналымының бірыңғай белгісі;

      в) 3-жолақта – "ЕАЭО" аббревиатурасы (Еуразиялық экономикалық одақ) және әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес мүше мемлекеттің 2 мәнді әріптік коды көрсетіле отырып, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сертификаттың тіркеу нөмірі;

      г) 4-жолақта – осы бөлімнің 3-тармағының "г" тармақшасында көзделген және бланкіні дайындау кезінде қойылатын сертификат бланкісінің баспаханалық нөмірі;

      д) 5-жолақта – сертификатты берген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі және сертификаттау жөніндегі органның тіркеген күні, сондай-ақ телефонының нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;

      е) 6-жолақта – заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты орны және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;

      ж) 7-жолақта – заңды тұлға және оның өнім дайындайтын филиалдары үшін – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты орны және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      з) 8-жолақта – өнім туралы мәліметтер, мыналарды қоса алғанда:

      өнімнің атауы және таңбалануы (Одақтың техникалық регламенттерінде (Кеден одағының техникалық регламенттерінде (бұдан әрі – техникалық регламенттер) көзделген жағдайларда) және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты таңбалану (бар болған кезде);

      өнімнің атауы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) (бар болған кезде);

      өнім туралы, оның сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болған кезде);

      өнім оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және таңбалануы (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болған кезде);

      сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе дара бұйым). Сериялық шығарылымдағы өнімдер үшін "сериялық шығарылым" деген жазба жазылады. Өнімдер партиясы үшін партияның мөлшері, дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнімдер партиясы мен дара бұйым үшін өнімдер партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;

      и) 9-жолақта – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      к) 10-жолақта – техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы;

      л) 11-жолақта – өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің хаттамалары (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), олардың нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетіле отырып), өндірістің жай-күйін талдау актісі туралы (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), менеджмент жүйесінің сертификатының нөмірі, күні, оны берген менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген менеджмент жүйесінің сертификаты туралы (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда) мәліметтер, өнім жобасының зерттелгені туралы қорытындының нөмірі, күні, оны берген ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген өнім жобасының зерттелгені туралы қорытынды туралы (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), өнім түрінің зерттелгені туралы қорытындының нөмірі, күні, оны берген ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген өнім түрінің зерттелгені туралы қорытынды туралы (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда) мәліметтер, өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігінің дәлелдері ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы, сондай-ақ сертификаттаудың қолданылған схемасы туралы мәліметтер;

      м) 12-жолақта – қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы, немесе егер көрсетілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау тұтастай стандарттың емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілсе (оларды қолданған жағдайда), осындай стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгіленімі және атауы, сондай-ақ өзге де стандарттар мен құжаттар (оларды қолданған жағдайда), оларды сақтаудың шарттары мен мерзімдері (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда), өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі немесе ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) туралы мәліметтер және өзге де ақпарат (бар болған кезде);

      н) 13-жолақта – сертификат туралы мәліметтердің Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен);

      о) 14-жолақта – сертификат қолданысының тоқтатылған күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен). Егер техникалық регламентпен (техникалық регламенттермен) сертификаттың қолданылу мерзімі белгіленбеген жағдайда, онда осы жолақта "белгіленбеген" деген жазба жазылады;

      п) 15-жолақта – сертификаттау жөніндегі органның мөрін қоя отырып, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Қолтаңбаның орнына факсимильді пайдалануға жол берілмейді.

      7. Сертификаттың 7 – 9, 11 және 12-жолақтарында көрсетілетін ақпарат айтарлықтай көлемді болған жағдайда, мұндай ақпарат қосымшаның бланкісінде ресімделетін және сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сертификатқа қосымшада келтіріледі. Қосымшаның әрбір парағы нөмірленеді, оған сертификаттың тіркелу нөмірі, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), осы органның мөрі қойылады (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Бұл ретте сертификаттың тиісті жолақтарында қосымшаға (қосымша бланкісінің баспаханалық нөмірі көрсетіле отырып) сілтеме келтіріледі.

      8. Сертификатқа осы бөлімде көзделмеген мәліметтер енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған таңбалар мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді.

      9. Берілген сертификаттардың көшірмелерін өтініш беруші А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындайды, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) (уәкілеттілік беруші құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.".

      5. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 293 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 154 шешімі редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары

І. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысаны

      ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
      СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ (1)



Өтініш беруші____________________________________________

(3)

атынан___________________________________________________

(4)

талаптарға сәйкес келетінін___________________________________

(5)

мәлімдейді__________________________________________________

(6)

Сәйкестік туралы декларация негізінде қабылданды _________________________________________________________

(7)

Қосымша ақпарат___________________________________________

(8)

Сәйкестік туралы декларация тіркелген күнінен бастап дейін жарамды

(9)

______________М.О._______________________________________
(қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

(10)

Сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі__________________
ЕАЭО №______________

(11)



Сәйкестік туралы декларацияның тіркелген күні__________________

(12)

ІІ. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу қағидалары

      1. Сәйкестікті декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – Одақ, мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттілік берген тұлға өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) бола алады.

      2. Одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік туралы декларация (бұдан әрі – декларация) А4 (210 х 297 мм) форматындағы ақ қағаздың парақтарында ресімделеді.

      3. Декларация электрондық баспа құралдары пайдаланыла отырып орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – өнімнің сәйкестігін декларациялау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады.

      Декларация орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылған жағдайда, ол осы бөлімнің 5-тармағына сәйкес сертификаттың әртүрлі жақтарына толтырылады.

      Қажет болған кезде дайындаушының атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орнының (мемлекеттің атауынан басқа) мекенжайы (мекенжайлары) және өнімнің таңбалануы (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.) латын алфавитінің әріптері пайдаланыла отырып, көрсетілуі мүмкін.

      4. Осы бөлімнің 5-тармағы "г" тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, декларацияның барлық жолақтары толтырылуға тиіс (декларацияның түпнұсқасында жолақтардың нөмірленуі жоқ).

      5. Декларацияда мыналар көрсетіледі:

      а) 1-жолақта – мынадай реттілікпен 2 жолда орындалған жазбалар:

      1-ші жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";

      2-ші жол – "СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ";

      б) 2-жолақта – өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың нарығындағы айналымының бірыңғай белгісі;

      в) 3-жолақта – заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) (бұдан әрі – өтініш беруші ұйым) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жер және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;

      г) 4-жолақта – өтініш беруші ұйым басшысының немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға өкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының (уәкілеттілік беретін құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (бар болған кезде);

      Егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға өтініш беруші болып табылса, бұл жолақ толтырылмайды.

      д) 5-жолақта – өнім туралы мәліметтер, мыналарды қоса алғанда:

      өнімнің атауы және белгіленімі (Одақтың техникалық регламенттерінде (Кеден одағының техникалық регламенттерінде) (бұдан әрі – техникалық регламенттер) көзделген жағдайларда)) және (немесе өнімді дайындаушы берген өзге де шартты белгіленім (бар болған кезде);

      өнімнің атауы (техникалық регламенттерінде көзделген жағдайларда) (бар болған кезде);

      өнім туралы, оның сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болған кезде);

      заңды тұлға және оның өнім дайындайтын филиалдары үшін – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты орынжәне өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      өнім оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және белгіленімі (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болған кезде);

      Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды (кодтары);

      декларациялау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе дара бұйым). Сериялық шығарылымдағы өнімдер үшін "сериялық шығарылым" деген жазба жазылады. Өнімдер партиясы үшін партияның мөлшері, дара бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнімдер партиясы мен дара бұйым үшін өнімдер партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;

      е) 6-жолақта – техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) атауы;

      ж) 7-жолақта – өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің хаттамалары (сәйкестікті декларациялау схемасында көзделген жағдайларда), олардың нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетіле отырып), менеджмент жүйесінің сертификатының нөмірі, күні, оны берген менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі органның атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген менеджмент жүйесінің сертификаты туралы (сәйкестікті декларациялау схемасында көзделген жағдайларда) мәліметтер, өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігінің дәлелдері ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы, сондай-ақ сәйкестікті декларациялаудың қолданылған схемасы туралы мәліметтер;

      з) 8-жолақта – қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы, немесе егер көрсетілген техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарын сақтау тұтастай стандарттың емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілсе (оларды қолданған жағдайда), осындай стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгіленімі және атауы, сондай-ақ өзге де стандарттар мен құжаттар (оларды қолданған жағдайда), оларды сақтаудың шарттары мен мерзімдері (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда), өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі немесе ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда) туралы мәліметтер және өзге де ақпарат (бар болған кезде);

      и) 9-жолақта – декларация қолданысының тоқтатылған күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен). Егер техникалық регламентпен (техникалық регламенттермен) декларацияның қолданылу мерзімі белгіленбеген жағдайда, онда осы жолақта "мерзім белгіленбеген" деген жазба жазылады;

      к) 10-жолақта – өтініш берушінің мөрін қоюмен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның, өтініш беруші ұйым басшысының немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының қолтаңбасы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) (егер мүше мемлекеттің заңнамасымен өзгеше белгіленбесе). Қолтаңбаның орнына факсимильді пайдалануға жол берілмейді;

      л) 11-жолақта – "ЕАЭО" аббревиатурасы (Еуразиялық экономикалық одақ) және әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес мүше мемлекеттің 2 мәнді әріптік коды көрсетіле отырып, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын декларацияның тіркеу нөмірі;

      м) 12-жолақта – декларация туралы мәліметтердің Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен).

      6. Декларацияның 5, 7 және 8-жолақтарында көрсетілетін ақпарат айтарлықтай көлемді болған жағдайда, мұндай ақпарат декларацияның ажырамас бөлігі болып табылатын декларацияға қосымшада келтіріледі. Қосымшаның әрбір парағы нөмірленеді және оған декларацияның тіркелу нөмірі, декларацияны қабылдаған тұлғаның қолтаңбасы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш берушінің мөрі қойылады (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Бұл ретте декларацияның тиісті жолақтарында қосымшаға сілтеме (қосымшадағы парақтардың саны көрсетіле отырып) келтіріледі.

      7. Декларацияға осы бөлімде көзделмеген мәліметтер енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған таңбалар мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді.

      8. Тіркелген декларацияның көшірмелерін осы декларацияны қабылдаған тұлға А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындайды, ол көрсетілген тұлғаның немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) (уәкілеттілік беруші құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады