2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешімімен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің сыныптамасы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін қабылдау тәртібінің 14-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссияның сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жарық диодты шамның сыныптамасы туралы" № 42 шешімінің 1-тармағындағы "8543 70 900 0 кіші қосалқы позиция" деген сөздер "8539 50 000 0 қосалқы позиция" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |