Еуразиялық экономикалық одағының "Сұйытылған көмірсутекті газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ТР ЕАЭО 036/2016) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 160 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу мен күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілерімен немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасымен айқындалған, Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутекті газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (ТР ЕАЭО 036/2016) (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған міндетті талаптардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2017 жылғы 15 қарашадан кешіктірілмей жарамды болады;

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап Одақ құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгілеген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақ құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын өнімдердің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік таңбасымен (нарықтағы айналыс таңбасымен) таңбаламай 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мүше мемлекеттердің аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      в) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар бар болған кезде Одақ құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеге дейін мүше мемлекеттердің аумағында өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік таңбасымен (нарықтағы айналыс таңбасымен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығындағы өнім айналысының бірыңғай таңбасымен таңбалауға жол берілмейді;

      г) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған өнімді сақтаудың кепілдік мерзімі ішінде осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналымына жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметі мүше мемлекеттермен бірлесіп:

      а) техникалық регламентті қолдану мен оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті қағидалар мен зерттеу (сынақтан өткізу) және өлшем әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама жобасын;

      б) кедендік декларацияны берудің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатпен бірге жүретін өнім тізбесінің жобасын әзірлеуді қамтамасыз етсін және 2017 жылғы 1 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынсын.

      3. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутекті газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентін қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады