Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9 және 11-тармақтарын іске асыру мақсатында және көрсетілген Хаттаманың 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 169 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9 және 11-тармақтарын іске асыру мақсатында (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру (бұдан әрі тиісінше – Одақ, жалпы процестер,) кезеңдерін айқындайды.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "мемлекетаралық қызмет" – Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және Одақтың бір-бірімен өзара іс-қимыл жасаушы органдарының шаруашылық субъектілерінің және (немесе) жеке тұлғаларының белгіленген сұрау салу қағидаларына сәйкес қалыптастыру бойынша жүзеге асырылатын және олардың өз функцияларын іске асыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы;

      "функционалды архитектура" – жалпы жүйе (процесс) функциялары көзқарасы бойынша жүйе (процесі) оның құрылысын, жүйе (процесіне) қатысушылар функцияларының сипаттамасы және олардың өзара байланысы;

      Осы тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Хаттама, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құру және дамыту мәселелерін реттейтін Одақ органдарының актілерін қоса алғанда, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған мағыналарда қолданылады.

      3. Жалпы процестерді іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      а) жалпы процестердің тізбесін қалыптастыру және өзектендіру;

      б) жалпы процесті іске асыру талаптарын айқындау;

      в) жалпы процесті технологиялық жобалау;

      г) жалпы процесті іске асыруды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

      д) жалпы процесті қолданысқа енгізу;

      е) жалпы процестің орындалуы.

II. Жалпы процестердің тізбесін қалыптастыру және өзектендіру

      4. Хаттаманың 9-тармағында көзделген жалпы процестер тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) оны енгізу жалпы процестерді іске асырудың негізі болып табылады.

      5. Тізбе Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсыныстары негізінде қалыптастырылады және өзектендіріледі әрі оны Комиссия бекітеді.

      6. Тізбеге өзгерістер енгізу туралы мүше мемлекеттердің ұсыныстарын Комиссиямен мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасауына уәкілетті мемлекеттік билік органдары Комиссияға ұсынылады.

      7. Жалпы процестер тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:

      а) жалпы процестің атауы;

      б) жалпы процестің мақсаттары мен міндеттері;

      в) жалпы процестерді іске асырудан күтілетін нәтижелер (жалпы процестерді іске асырудың тиімділік көрсеткіштерін және бұл көрсеткіштерден күтілетін мәндерді көрсете отырып);

      г) жалпы процеске қатысушылар туралы мәліметтер;

      д) жалпы процесс шеңберінде пайдаланылатын және (немесе) қалыптастырылатын ақпараттық ресурстардың сипаттамасы;

      е) жалпы процесті іске асыру шеңберінде, сондай-ақ ақпараттық алмасу қарқынын бағалау және жалпы ақпараттық ресурстардың (егер мұны құру жоспарланса) болжамдық көлемін алмасу жүзеге асырылатын мәліметтердің сипаттамасы;

      ж) жалпы процесті іске асыру шеңберінде мүдделі тұлғаларға ұсынылуы болжанатын мемлекетаралық қызметтер көрсету сипаттамасы.

      8. Жалпы процестен алып тастау туралы ұсыныс мұндай алып тастаудың негіздемесін қамтуы тиіс.

III. Жалпы процесті іске асыруға қойылатын талаптарын айқындау

      9. Жалпы процестердің өзара байланысқан тобын, оның ішінде функционалды құрылымын іске асыруға қойылатын талаптарды Комиссия әзірлейтін және бекітетін жалпы процестерді іске асыру қағидаларында (бұдан әрі - қағидалар) айқындалады. Қағидаларды әзірлеу кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген жалпы процестерді іске асыру тұжырымдамасының Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесіне сәйкес дайындау жүзеге асырылады.

      10. Қағидалар:

      а) жалпы процестердің мақсаттары мен міндеттерін;

      б) жалпы процестерге қатысушылардың сипаттамасын (олардың атқаратын функцияларын көрсете отырып);

      в) пайдаланылатын және (немесе) қалыптастырылатын ақпараттық ресурстардың сипаттамасын (ашық қолжетімділіктегі және мүдделі тұлғаларға ұсынылатын мәліметтер құрамын көрсете отырып);

      г) ақпараттық өзара іс-қимыл ерекшеліктерінің сипаттамасын (берілетін ақпараттың құрамы мен түрін, сондай-ақ осындай ақпаратты қорғау шараларын көрсете отырып);

      д) жалпы процестерді іске асыруға бағытталған іс-шаралардың сипаттамасын қамтуы тиіс.

      11. Қағидалар жалпы процестердің ерекшеліктеріне байланысты қосымша мыналарды:

      а) жалпы процестерді іске асыру шеңберінде ұсынылатын ақпаратты автоматты түрде алу және өңдеу сервистерінің сипаттамасын;

      б) жалпы процестерді іске асыру шеңберінде ұсынылатын мемлекетаралық қызметтердің сипаттамасын қамтуы мүмкін.

      12. Комиссия Қағидалар жобасын мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесінің ұлттық сегменттерінің (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттері) тапсырыс берушісіне қарау үшін жолдайды.

      13. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері өз мемлекеттерінің мүдделі органдарымен бірлесе отырып қағидалар жобасын қарауды және Комиссияға оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде тиісті ұсыныстарын (бар болса) жіберуді қамтамасыз етеді.

      14. Осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес Комиссияға келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, пысықталған қағидалар жобасы қағидаларда көзделген міндеттерді орындауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі актілерді қабылдайтын Комиссияның қарауына шығарылады.

      15. Қағидалар жалпы процесті іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстардың технологиялық жобалауын және жоспарлауын орындау үшін негіз болып табылады.

IV. Жалпы процесті технологиялық жобалау

      16. Жалпы процесті технологиялық жобалау жалпы процестің интеграцияланған жүйесі құралдарын іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды реттеуші технологиялық құжаттарды (бұдан әрі – технологиялық құжаттар) әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтиды.

      17. Жалпы процесті технологиялық жобалауды электронды түрде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру туралы ережеде Одақтың көзделген құқығы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесіне сәйкес Комиссия жүзеге асырады.

      18. Технологиялық құжаттар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешіміне сәйкес рәсімделеді.

      19. Технологиялық құжаттардың жобаларын Комиссия мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілеріне қарау үшін жолдайды.

      20. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері өз мемлекеттерінің мүдделі органдарымен бірлесіп технологиялық құжат жобаларының қағидалары ережелерінің сәйкестігіне сараптама жүргізуді және Комиссияға осындай жобаларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде тиісті ұсыныстарын (бар болса) жіберуді қамтамасыз етеді.

      21. Осы Тәртіптің 20-тармағына сәйкес Комиссияға келіп түскен ұсыныстар ескеріліп пысықталған технологиялық құжаттардың жобалары ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпаратты қорғау жөніндегі Консультативтік комитетінің отырысында қаралады және Комиссия Алқасының қарауына енгізіледі.

V. Жалпы процестің іске асырылуын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету

      22. Жалпы процестің іске асырылуын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету жалпы процесті іске асыру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді әзірлеу (пысықтау) жөніндегі шаралар кешенін және интеграцияланған жүйе құралдарымен олардың интеграциясын қамтиды.

      23. Комиссияның интеграцияланған жүйедегі интеграциялық сегментінде (бұдан әрі – Комиссияның интеграциялық сегменті) жалпы процесті іске асыруды Комиссия қамтамасыз етеді.

      24. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегментінде жалпы процестерді іске асыруды тиісті уәкілетті орган (бұдан әрі – жауапты орган) қамтамасыз етеді және оны осы мүше мемлекеттің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушісі үйлестіреді.

      25. Комиссияға жауапты орган туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері технологиялық құжаттарды бекіту жөніндегі Комиссия Алқасы актісі күшіне енген күнінен кешіктірмей ұсынады.

      26. Комиссияның интеграциялық сегментінде жалпы процестің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін Комиссияның ақпараттық жүйесін пысықтау (қажет болған кезде) және интеграцияланған жүйенің ішкі жүйесін баптау жүзеге асырылады.

      27. Мүше мемлекеттердің ұлттық сегментінде жалпы процестерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      а) мүше мемлекеттің технологиялық құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу (қажет болған кезде);

      б) интеграцияланған жүйенің, технологиялық құжаттардың қызмет етуін, сондай-ақ мүше мемлекеттің ұлттық сегменті шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды реттеуші мүше мемлекеттің заңнама талаптарын қамтамасыз ету кезінде қолданылатын актілердің талаптарын орындау мақсатында жалпы процесті іске асыру үшін пайдаланылатын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін (оның ішінде есепке алу жүйелерін) әзірлеу (пысықтау);

      в) уәкілетті органдардың жалпы процесті іске асыру үшін қолданылатын ақпараттық жүйелерін (оның ішінде есепке алу жүйелерін) мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне қосу (егер мұндай қосылу бұрын жүзеге асырылмаған болса).

      28. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мүше мемлекеттің ұлттық сегментінде жалпы процесс шеңберіндегі жекелеген рәсімдерді іске асыруға дайын болмаған немесе олар болмаған жағдайда мүше мемлекеттің ұлттық сегменті құрамында оны пайдалану мүмкіндігін қарастыратын Комиссияның интеграциялық сегментінің бағдарламалық қамтылым компоненттерін пайдалануға болады.

      29. Осы Тәртіптің 28-тармағында көрсетілген бағдарламалық қамтылымды беруді мүдделі мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілері Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссиясы интеграциялық сегментінің бағдарламалық қамтылымын беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.

VI. Жалпы процесті қолданысқа енгізу

      30. Комиссияны үйлестіру кезінде мүше мемлекеттер технологиялық құжаттарды бекіту туралы Комиссия Алқасының актісі күшіне енген күннен бастап 9 айдан аспайтын мерзімде жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      31. Жалпы процесті қолданысқа енгізуге қажетті іс-шаралар құрамы, сондай-ақ оларды іске асыру мерзімі технологиялық құжаттарда айқындалады.

      32. Жалпы процестерді іске асыру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеуді сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мемлекетаралық сынағын жүргізу жөніндегі комиссия жүргізеді.

      33. Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мемлекетаралық сынағын жүргізу жөніндегі комиссияның ұсынымдары негізінде Комиссия Алқасы жалпы процесті қолданысқа енгізу туралы өкім қабылдайды.

      34. Бір немесе бірнеше мүше мемлекеттің және Комиссияның ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды тестілеу нәтижелері комиссияның сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мемлекетаралық сынағын жүргізу жөніндегі жалпы процестің ерекшелігіне байланысты жалпы процесті қолданысқа енгізуге дайын екендігі туралы ұсынымдарды қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      35. Жалпы процесті қолданысқа енгізгеннен кейін жаңа қатысушылар жалпы процеске қосылу тәртібіне сәйкес жалпы процеске қосылу рәсімдерін орындау арқылы қосыла алады.

VII. Жалпы процесті орындау

      36. Комиссия Алқасының жалпы процесті қолданысқа енгізу туралы өкімі күшіне енген күннен бастап мүше мемлекеттер интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, жалпы процестің орындалуын қамтамасыз етеді.

      37. Комиссия жалпы процестің орындалу нәтижелеріне мониторинг және талдауды жүзеге асырады.

      38. Комиссия Одақтың ақпараттық порталында жалпы процестердің орындалу нәтижелеріне мониторинг және талдау жүргізуге арналған мамандандырылған ақпараттық ресурс құруды қамтамасыз етеді.

      39. Мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің тапсырыс берушісі жеке кабинеттердің сервисін пайдалана отырып, мүше мемлекеттің ұлттық сегментінде жалпы процесті іске асыру туралы ақпаратты айына 1 реттен сиретпей Одақтың ақпараттық порталына орналастырады.

      40. Комиссия өз өкілеттігі шеңберінде жалпы процестің орындалуына мониторинг және талдау жүргізу мақсатында жауапты органдарға және мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілеріне мүше мемлекеттің ұлттық сегментінде жалпы процестің орындалуы туралы қосымша ақпарат ұсынуға сұрау салуды жолдай алады.

      41. Жауапты органдар мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушілерімен бірлесіп Комиссияның сұрау салу бойынша ұсынуын сұрау салуды, қосымша ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етеді.

      42. Комиссияның және мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша жалпы процестердің орындалуына мониторинг және талдау жүргізу нәтижелері негізінде жалпы процестерді оңтайландыруға және үндестіруге бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ тізбеге өзгерістер енгізу бастамасы жасалуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады