Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы қазандағы № 181 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 171 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу мен күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағының екінші абзацын ескере отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 2 қазандағы "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін (КО ТР 031/2012) қолданысқа енгізу тәртібі туралы" № 181 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1.1-тармағының бірінші абзацындағы "2017 жылғы 15 наурыз" деген сөздер "жарамдылық мерзімі сандық квотамен шектелетін өнімдер партиясының құжаттарын қоспағанда, 2019 жылғы 15 наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1.2-тармағының бірінші абзацындағы "2017 жылғы 15 наурыз" деген сөздер "2019 жылғы 15 наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады