1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуы, зейнетақы құқықтарының сақталуы, медициналық көмек көрсетілуі және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
Қазақстан Республикасынан
Жүнісова Дана | – |
Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы |
Үмітбаев Берік | – | Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры |
Қырғыз Республикасынан
Куйкеев Эрик | – |
Қырғыз Республикасы Еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары |
Мурзалиев Амангельди Джолдошбекович | – |
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары |
Шадыханов Калыс | – | Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің статс-хатшысы |
Ресей Федерациясынан
Нечеперенко Юрий | – | Федералдық міндетті медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары |
б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы | – |
Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директорының орынбасары |
Асанбаев Алмазбек | – |
Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік көші-қон қызметі төрағасының орынбасары |
в) Консультативтік комитеттің құрамынан Сукуров Н.Н.шығарылсын.
2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян |