ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Өкім 12.02.2016 ж. күшіне енді - Еуразиялық экономикалық Одақтың сайты.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 29 шешімін орындау мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Израиль Мемлекетімен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу үшін келіссөз делегациясының (бұдан әрі – келіссөз делегациясы) құрамын қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға кандидатуралар бойынша ұсыныстар беру сұралсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.О.Никишина келіссөз делегациясының басшысы болып тағайындалсын және оған келіссөз делегациясының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Келіссөз делегациясы Израиль Мемлекетімен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөнінде келіссөздер жүргізуге арналған директиваларды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынсын.
4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов |