2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 23-бабы 3-тармағына сәйкес және Одақ шеңберінде тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын алып қоюларсыз және шектеулерсіз қалыптастыруға деген, жан-жақты жаңғырту мен кооперацияға деген ұмтылысты негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының олардың халқының тұрмыс деңгейін арттыру мүддесінде орнықты дамуы үшін жағдайлар жасау мақсатында:
1.Еуразиялық экономикалық комиссия:
Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) К.А.Минасянның басшылығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) атқарушы билік органдарының, мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының, бизнес-қоғамдастықтардың және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерінен жұмыс тобын құрсын;
жұмыс тобы қалыптастырған ұсыныстарды 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген жұмыс тобының құрамына енгізу үшін атқарушы биліктің мүдделі органдарының басшылар орынбасарлары және сарапшылар деңгейіндегі өкілдерінің кандидатураларын Еуразиялық экономикалық комиссияға 15 күндік мерзімде беруі сұралсын.
3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |