Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөнінде бірлескен зерттеу тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 21 өкімі

      1.Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөнінде бірлескен зерттеу тобын (бұдан әрі – бірлескен зерттеу тобы) қалыптастыру орынды деп есептелсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден бірлескен зерттеу тобының жұмысына қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға кандидатуралар ұсыну сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері бөлігінде бірлескен зерттеу тобы құрамын қалыптастырсын және бұл туралы Сингапур Республикасын хабардар етсін.

      4.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады