Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешімі.

            2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 16-бабы 1-тармағының негізінде Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1.      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағына Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарттары ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды алып өту кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баждарымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемері және Хаттаманың 3-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, баждардың мұндай мөлшерлемелерінің көлемдері қолданылатыны белгіленсін, Хаттаманың 3-бабы 10-тармағының талаптарына сай келетін, Қазақстан Республикасының ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелген электрондық шот-фактураның қағаз көшірмесі тауардың ілеспе құжаты ретінде танылады.

      Мүше мемлекеттердің үкіметтері Хаттаманың 3-бабының 11-тармағына сәйкес тауардың міндетті ілеспе құжаттарға қатысты талаптарды белгілеген кезінде олардың құрамында, оның ішінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген электрондық шот-фактураның қағаз көшірмесін көздесін.

      2.      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің осы тармақта көзделген тәртіптің күшін жоятын шешімін қабылдағанға дейін электрондық шот-фактураның қағаз көшірмесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен куәландырылатыны, сондай-ақ мынадай құжаттардың біреуімен ілеспе жүретіні белгіленсін:

      а) бұрын үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарларды алып өту кезінде - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен куәландырылған кедендік декларацияның көшірмесі;

      б) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды алып өту кезінде – 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елдерін айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елдерін айқындау қағидаларына сәйкес берілген СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығуы туралы сертификаттың төлнұсқасы;

            в) еркін экономикалық аймақ пен бос қоймалардың аумақтарында өндірілген тауарларды алып өту кезінде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген СТ-KZ нысанындағы тауарлардың шығуы туралы сертификаттың төлнұсқасы немесе оның Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы куәландырған көшірмесі;

            г) бұрын басқа мүше мемлекеттерден әкелінген тауарларды алып өту кезінде - Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде – жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға (Шартқа №18 қосымша) сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштің көшірмесі.

            3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналысы туралы мәселені қарау қажеттілігін негізге ала отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы барысында Хаттаманың 3-бабының 10-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық есепке алу жүйесін құру және оның жұмыс істеуі бойынша қызмет туралы Қазақстан Республикасының баяндамасы тыңдалсын.

            4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

            Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:      


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады