Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 89 шешімімен бекітілген Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібінің 3-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырыстары 2016 жылғы тамыздың екінші он күндігінде Ресей Федерациясының Сочи қаласында және 2016 жылғы 28 қазанда Беларусь Республикасының Минск қаласында өткізілетін болып айқындалсын.
2. Осы Өкім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |