Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VІ томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 29 наурыздағы № 3 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 27 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 3 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VІ томына енгізілетін ӨЗГЕРІС

      39-топта ЕАЭО СЭҚ ТН "3924 90 000 0" кіші қосалқы позициясына түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:

"3924 90 000 1

Регенерацияланған целлюлозадан


Бұл кіші субпозицияға шеттері тегістелген немесе тегістелмеген, өзге де тәсілдермен өңделген немесе өңделмеген, тікбұрыштан (квадратты қоса алғанда) басқа пішіндерге кесілген, регенерацияланған целлюлозадан жасалған губка кіреді.


Бұл кіші субпозицияға мыналар кірмейді:
а) табиғи ысқыш (0511 99310 0 және 0511 99390 0 кіші субпозициялары);
б) қарапайым тікбұрыш (квадратты қоса алғанда) етіп кесілген ысқыш (3921 тауар позициясы).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады