Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-жіті тексеру кешендерімен жарақтандыру және оларды пайдалану туралы жалпы ережелер туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 7 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-жіті тексеру кешендерімен жарақтандырудың және оларды пайдаланудың бірыңғай тәсілдемелерін әзірлеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 13-тармағына, 43-тармағының 2 және 6-тармақшаларына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-жіті тексеру кешендерімен жарақтандыру және оларды пайдалану туралы жалпы ережелерді басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 7 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-жіті тексеру кешендерімен жарақтандыру және оларды пайдалану туралы ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР І. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-жіті тексеру кешендерімен жарақтандыру және осындай кешендерді орналастыру принциптері

      1. Инспекциялық-жіті тексеру кешендерін (бұдан әрі – ИЖК) орналастыру негізгі халықаралық көлік дәліздерінің, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) негізгі көлік магистральдарының өтуі және тауар лектерінің ең жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ Одақтың кедендік шекарасы арқылы есірткіні, жарылғыш заттарды және басқа да қауіпті тауарларды (қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қоса алғанда) ықтимал заңсыз өткізу жолдарын талдау нәтижелері ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (бұдан әрі тиісінше – өткізу пункті, Одақ) бірінші кезектегі тәртіппен жүргізіледі.

      2. Өткізу пункті арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының санын бағалау үшін импорттық, экспорттық және транзиттік тасымалдар бойынша статистиканы пайдалану, халықаралық көлік дәліздерінің дамуын қолдауды және өткізу пунттері арқылы тауарларды тасымалдау көлемінің өсу қарқынын ескеру ұсынылады.

      3. ИЖК негізгі халықаралық көлік дәліздерінен тыс орналасқан, жүк айналымының көлемі мардымсыз және кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерді бұза отырып өткізілетін тауарларды анықтау тәуекелі барынша төмен болатын өткізу пункттерінде уақыттық схема бойынша қолданылуы мүмкін.

      4. ИЖК орналастыру кезінде әкелінетін және әкетілетін тауарлардың ИЖК арқылы реверсивті қозғалу принципі көзделуі мүмкін.

ІІ. Әртүрлі типтегі өткізу пункттеріне арналған ИЖК таңдау

      5. Өткізу пункттерінде мынадай типтегі ИЖК орналастыру ұсынылады:

      а) теңіз (өзен, көл) өткізу пункттерінде – кедендік бақылау объекстісін (бұдан әрі – бақылау объектісі) бір немесе екі проекциялық вариантпен бейнелейтін стационарлық типтегі ИЖК. ИЖК бақылау объектілерінің ИЖК-ға барынша ыңғайлы жеткізілуін қамтамасыз ететін өткізу пунктінің учаскелеріне орналастырылады. Өткізу пунктінің шегінде кедендік бақылаудың бөлінген аймағында ұтқыр ИЖК пайдалануға жол беріледі;

      б) теміржол өткізу пункттерінде – бақылау объектісін бір проекциялық вариантпен бейнелейтін стационарлық типтегі ИЖК.

      ИЖК бас магистральдық жолдарда орналастырылған кезде бақылау объектісін сканерлеу жылдамдығы кемінде 10 км/сағ. құрауға тиіс;

      в) автомобиль өткізу пункттерінде – бақылау объектісін бір проекциялық вариантпен бейнелейтін стационарлық немесе қайта орналастырылатын типтегі ИЖК.

      ИЖК ИЖК-ге бақылау объектілерінің барынша ыңғайлы жеткізілуін қамтамасыз ететін өткізу пункттерінің учаскелерінде орналастырылады. Өткізу пунктінің шегінде кедендік бақылаудың бөлінген аймағында ұтқыр ИЖК қолдануға жол беріледі.

      6. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және жедел міндеттерді шешу мақсатында стационарлық ИЖК-мен жабдықталған өткізу пункттерінде ұтқыр ИЖК қосымша қолданылуы мүмкін.

ІІІ. ИЖК-нің негізгі техникалық сипаттамалары

      7. ИЖК-нің негізгі техникалық сипаттамаларының ұсынылатын параметрлері 1-кестеде санамаланған.

  1-кесте

ИЖК типтерінің негізгі техникалық сипаттамалары

ИЖК типтері

стационарлық

қайта орналастырылатын

ұтқыр

автомобиль өткізу пунктінде

теміржол өткізу пунктінде

теңіз өткізу пунктінде

Фотондық сәулелену энергиясы (кемінде)

6 МэВ

6 МэВ

6 МэВ

4 МэВ

3,8 МэВ

Болаттан өткізу қабілеті (кемінде)

320 мм (24 м/мин. дейінгі жылдамдықта)

320 мм (30 км/сағ. дейінгі жылдамдықта)

370 мм (24 м/мин. дейінгі жылдамдықта)

320 мм (24 м/мин. дейінгі жылдамдықта)

270 мм (24 м/мин. дейінгі жылдамдықта)

Жеделдеткіш импульстерінің жүру жиілігі (кемінде)

200 Гц

2000 Гц

200 Гц

200 Гц

100 Гц

Кедергісіз сымды байқау (диаметрі кемінде)

0,5 мм

0,8 мм

0,5 мм

0,8 мм

1 мм

100 миллиметрлік болаттан жасалған кедергіден сымды байқау (диаметрі кемінде)

1,5 мм

2 мм

1,5 мм

2 мм

2 мм

250 миллиметрлік болаттан жасалған кедергіден сымды байқау (диаметрі кемінде)

9 мм

9 мм

9 мм

9 мм

9 мм

ИЖК жұмыс істеуге тиіс температуралар диапазоны

500С-тан - + 5000С-ға дейін

– 4000С-тан – + 5000С-ға дейін

– 3000С-тан - + 5000С дейін

ИЖК жұмыс істеуге тиіс ылғалдылық диапазоны

10 %-дан 95 %-ға дейін

10 %-дан 95 %-ға дейін

от 10 % до 95 %

ИЖК-нің үзіліссіз жұмыс істеу уақыты

тәулігіне 24 сағат

тәулігіне 24 сағат

техникалық қызмет көрсетуге үзіліс жасалып тәулігіне 24 сағат

Инспекцияланатын объектінің бағдарлы мөлшерлері (ұзындығы, биіктігі, ені)

20 x 3 x 4,5 м

4,48 х 5,3 м (қозғалыс жылдамдығы 30 км/сағ. болған кезде)

20 x 3 x 4,5 м

20 x 3 x 4,5 м

20 x 3 x 4,5 м

ИЖК-нің бақыланатын объектілерді сағатына өткізу қабілеті (кемінде)

25

25

25

20

20

Алынған рентгендік бейнені талдау бойынша ИЖК операторлары станцияларындағы жұмысшылар саны

1 – 2

1 – 3

1 – 3

1 – 2

1 – 2

Бақылау объектісі проекциялары бейнелерінің саны

1

1

1 – 2

1

1

Органикалық және органикалық емес материалдарды, металдарды тану мүмкіндігі бар бейнелерді талдау (Z-функция) (топтар саны кемінде)

3

2 (30 км/сағ. дейінгі жылдамдық кезінде)

3

3

1

Барынша сіңірілген доза (аспайтын)

60 мкЗв

60 мкЗв

60 мкЗв

60 мкЗв

60 мкЗв

      8. Мыналарды:

      а) ИЖК модификациясына байланысты 1 немесе 2 проекцияларда бақылау объектісінің көлеңкелі бейнесін және бақылау объектісін алдын ала идентификациялауды алуды;

      б) бақылау объектісінің орналасқан жері мен сызықтық мөлшерлерін бағалауды;

      в) бақылау объектісінң конструкциялық беттері мен кеңістіктерінің көлеңкелі бейнесін көруді (мысалы, көлік құралдарының қабырғалары, контейнерлердің төбе жабындылары мен едендері арасындағы);

      г) бейнені ұлғайту мүмкіндігімен бақылау объектісінің жекелеген жерлерінің бейнелерін детальды және фрагментті көруді;

      д) бақылау объектісінің материалдар тобын тануды және бейнелі көрсетуді;

      е) ИЖК жадында бақылау объектісінің көлеңкелі бейнесін сақтауды, оны ақпарат жеткізгіштке жазып алуды;

      ж) осы құжаттың V бөліміне сәйкес бақылау объектісі туралы ақпаратты электрондық түрде беру мүмкіндігін;

      з) ИЖК мониторында бақылау объектісі, сканерлеуді жүргізу күні мен уақыты туралы ақпаратты көрсетуді;

      и) ИЖК жай-күйін бақылауды және оның техникалық жай-күйі, бейнебақылау жүйесінің жай-күйі және ИЖК-нің радиациялық қауіпсіздігі туралы хабар беруді қамтамасыз ететін ИЖК-ні пайдаланған жөн.

      9. Үлестік тығыздығы болмашы бақылау объектілеріне қатысты (мысалы, авиациялық контейнерлер, жеңіл автомобильдер) фотондық сәулеленуі кемінде 1МэВ энергиясы бар ИЖК-ні пайдалануға жол беріледі.

ІV. ИЖК қауіпсіздігінің мәселелері және ИЖК-ні пайдаланған кездегі өткізу пункттеріндегі шектеулер

      10. ИЖК адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, соның ішінде радиациялық қауіпсіздік тұрғысынан қауіпсіз болуға тиіс.

      11. ИЖК-ге қатысты қолжетімділікті шектеу аймағының шекаралары ИЖК-нің кез келген жол берілетін режимі кезінде қолжетімділікті шектеу аймағының сыртқы шекарасындағы фотондық сәулелену дозасының қуаты 1,0 мкЗв/сағаттан аспауға тиіс болатындай белгіленуге тиіс.

      12. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ИЖК мынадай жағдайларда:

      а) бақылау объектісінің габариттері ИЖК-нің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе;

      б) 2-кестеде көрсетілген тауарлар бақылау объектісі болса (кестені қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың кодын пайдалану қажет, тауардың атауы ыңғайлы пайдалану үшін ғана келтірілген), пайдаланылмайды.

  2-кесте


Тауардың атауы ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1.

Тірі жануарлар

0101 – 0106

2.

Тірі балық

0301

3.

Көшпелі цирктер және көшпелі айуанханалар алып жүретін тірі жануарлар

9508 10 0000-ден

4.

Инкубациялау үшін үй тауықтарының ұрықтанған жұмыртқалары

0407 11 000 0

5.

Инкубациялау үшін басқа да құстардың ұрықтанған жұмыртқалары

0407 19

6.

Әртүрлі балықтардың ұрықтанған уылдырықтары

0511 91 901

7.

Шаян тәріздестердің, моллюскілердің, басқа да омыртқасыз су жәндіктерінің ұрықтанған уылдырақтары

0511 91 909 0-ден

8.

Жануарлардың эмбриондары

0511 99 852

9.

Бұқаның шәуеті

0511 10 000 0

10.

Айғырлардың, қошқарлардың, текелердің және басқа да жануарлардың шәуеті

0511 99 853

11.

Адамдарға арналған вакциналар

3002 20 000

12.

Ветеринарияда қолданылатын вакциналар

3002 30 000 0

13.

Микроорганизмдер дақылдары

3002 90 500 0

14.

Иммундық сарысулар, қан фракциялары және модификацияланған иммунологиялық өнімдер

3002 10-нан

15.

Терапиялық, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда дайындалған жануарлардың қаны

3002 90 300 0

16.

Шартты патогендік және патогендік гендік-инженериялық организмдер

2934 99 900 0-ден
3002 90 900 0-ден

17.

Өсіру немесе микроорганизмдердің не өсімдіктер, адам немесе жануарлар жасушаларының тіршілік етуін қолдауға әзір өсіру орталары

3821 00 000 0

18.

Оралған диагностикалық немесе зертханалық реагенттер

3822 00 000 0

19.

Адам ағзалары мен тіндері

3001 90-нан

20.

Тектес емес импланттауды жүргізуге арналған қан және оның құрамдастары, гемопоэздік дің жасушалары және сүйек кемігі

3002 10-нан
3002 90-нан

V. ИЖК пайдалану кезінде алынған деректермен ақпараттық алмасу

      13. Бақылау объектілерінің ИЖК көмегімен алынған көлеңкелі бейнелерін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына электрондық түрде беру ұсынылады.

      14. Өткізу пункттерін ИЖК-мен жарақтандыруға жұмсалатын шығындарды барынша азайту және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, сондай-ақ көрсетілген органдар мен мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында ИЖК көмегімен жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері туралы электрондық түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыру ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады