Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VІ томына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 8 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 16 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және еніне қатысты ұзындығы 3-ке тең немесе одан артық, толық жармаланған ұзын дәнді күрішке қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 39 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 8 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VІ томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      10-топта:

      1-қосымша ескертпенің "в" және "ж" тармақшаларындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "1006 30 670 0" және "1006 30 980 0" кодтары тиісінше ЕАЭО СЭҚ ТН "106 30 670" және "1006 30 980" кодтарымен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпесімен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпесі:

      1. 1006 30 670 1 және 1006 30 980 1 кіші қосалқы позициясына Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес құзыретті орган берген лицензия болған кезде тарифтік квота белгіленген, еніне қатысты ұзындығы 3-ке тең немесе одан артық, толық жармаланған ұзын дәнді күріш қосылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады