Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және табиғи газды мотор отыны ретінде пайдаланатын көлік құралдарына орнатуға арналған компоненттердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 73 шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) мынадай өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:
ЕАЭО СЭҚ ТН 8505 90 200 9 кіші қосалқы позициясына түсіндірмелерде VІ томның 85-тобындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 2, 8409 91 000 8" кодтарымен ауыстырылсын.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |