Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында көші-қон саласында екіжақты халықаралық шарттар жасасу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 18 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 6-тармақшасында көзделген Комиссияның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында

      Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Т.М.Сүлейменовтің интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға бағытталған көші-қон саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын дайындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, соның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы "Армения Республикасының Кеден одағына және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігіне қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 56 шешіміне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптастырылуын ескере отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы" № 75 шешіміне сәйкес:

      осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап:

      1. Армения Республикасы мен Беларусь Республикасына:

      Армения Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді;

      2002 жылғы 6 маусымдағы Армения Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасы азаматтарының және Беларусь Республикасы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (азаматтардың келген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркелмей өзара болу мәселелерін реттеу бөлігінде) әзірлеу, келісу және оған қол қою жөніндегі жұмысты жандандыруды,

      2. Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасына:

      Армения Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді;

      2006 жылғы 6 қарашадағы Армения Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (азаматтардың келген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркелмей өзара болу мәселелерін реттеу бөлігінде) әзірлеу, келісу және оған қол қою жөніндегі жұмысты жандандыруды,

      3. Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасына:

      Беларусь Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді;

      Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Беларусь Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді әзірлеу, келісу және оған қол қою жөніндегі жұмысты жандандыруды,

      4. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасына:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді;

      2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (азаматтардың келген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркелмей өзара болу мәселелерін реттеу бөлігінде) әзірлеу, келісу және оған қол қою жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады