Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларының биржалық саудасын дамыту саласындағы үйлестірілген саясат туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 19 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 94 шешімімен бекітілген Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6-тармағына сәйкес

      ауыл шаруашылығы тауарларының биржалық саудасының механизмдерін жетілдіру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) тауар биржаларын дамыту саласындағы үйлестірілген саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында

      тауарлардың биржалық саудасының өзіндік ерекшелігін, мүше мемлекеттердің тауар биржаларының мамандануын және Одақ шеңберінде бірыңғай сауданың биржалық кеңістігін құру процесін реттеу мәселелерін пысықтау қажеттігін ескере отырып,

      мүше мемлекеттердің кез келгенінің тауар биржаларындағы саудаға мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары (фермер қожалықтарын қоса алғанда) мен дара кәсіпкерлерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және тауардың биржалық саудасын ұйымдастыру мен дамыту үшін жағдай жасау мақсатында мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру қажеттігін негізге ала отырып,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларының биржалық саудасын дамыту басымдықтарын айқындауды және Еуразиялық экономикалық комиссияға тауар биржалары мен биржалық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қатысуымен дайындалған Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларының биржалық саудасын дамыту саласында мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасау механизмі мен ынтымақтастық қағидаттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жіберуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады