Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игеру және қолдану жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 28 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағын іске асыру мақсатында

      Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың 2-тармағының 2-тармақшасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша), "Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі туралы ережені бекіту туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешіміне сәйкес,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер, Одақ) жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды бірлесіп игеруі және қолдануы, жаңа нарықтарды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды жылдам қолдану қызметтер нарығын игеруі үшін ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында, Одақ шеңберінде

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында (бұдан әрі – Одақтың ресми сайты) жарияланған күннен бастап мүше мемлекеттер жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игерген және қолданған кезде, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды) игеру және қолдану жөніндегі бірлескен жобаларды (бұдан әрі – бірлескен жобалар) іске асырған кезде:

      1.Жеңіл өнеркәсіп саласындағы зерттеулер мен әзірленімдердің, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардың, № 1 қосымшаға сәйкес олар жүзеге асыратын перспективалы бағыттарының, сондай-ақ № 2 қосымшаға сәйкес бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстардың тізбесін басшылыққа алуды,

      2.Жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды бірлесіп игеруде және қолдануда өндірушілердің мүдделігін (сұранысын) ынталандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін, соның ішінде халықаралық банктердің бірлескен жобаларға қатысушыларға осындай жобаларды іске асыру үшін кредит берудің арнайы шарттарын беру арқылы қарауды,

      3.Бірлескен жобаларды іске асыру үшін қажетті шарттарды, соның ішінде:

      а) мүше мемлекеттерде құрылған жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіптік білім беру мекемелерінің қатысуымен қалыптасқан жеңіл өнеркәсіп саласындағы инновациялық және инжинирингтік орталықтар;

      б) жеңіл өнеркәсіп саласындағы жұмыс істеп тұрған технологиялық парктер, индустриялық парктер мен инновациялық кластерлер;

      в) Одақ органдарының актілеріне сәйкес құрылған басым Еуразиялық технологиялық платформалар негізінде қамтамасыз етуді,

      4.Мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібінің салалық қауымдастықтары, ғылыми ұйымдары мен бизнес-қауымдастықтары қатысқан кезде:

      а) мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің жаңа технологияларды игерудегі және қолданудағы, соның ішінде осы Ұсынымға № 1 және 2 қосымшаларда көзделген зерттеулердің перспективалы бағыттары бойынша әзірленімдерге қажеттілігін;

      б) жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игеру және қолдану саласында тәжірибе алмасу жөніндегі бірлескен оқыту іс-шаралары жүргізілуі мүмкіналаңдарда жеңіл өнеркәсіп ұйымдары мен кәсіпорындарды айқындауды,

      5. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа:

      а) мынадай:

      2012 – 2016 жылдары өндіріске енгізілген, сондай-ақ жақын 3 жыл ішінде өнліріске енгізу жоспарланып отырған инновациялық әзірленімдер (әзірлеушілер мен айрықша құқықтарды иеленушілер келіскен кезде);

      осы Ұсынымның 4-тармағының "а" тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игерудегі және қолданудағы жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің қажеттіліктері туралы;

      жеңіл өнеркәсіп саласындағы және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кластерлерді (өнеркәсіптік, индустриялық, инновациялық), технологиялық парктерді, инновациялық және инжинирингтік орталықтарды қоса алғанда, аралас салалардағы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның жұмыс істеп тұрған объектілері туралы;

      жеңіл өнеркәсіп саласындағы инновацияларды әзірлеуге және енгізуге арналған патенттер туралы;

      жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды бірлесіп игеру және қолдану кезінде туындайтын кедергілер туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды;

      б) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірлескен жобалардың паспортын;

      в) мүше мемлекеттердің өндірушілерінің қатысуымен осы Ұсынымның 4-тармағының "б" тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды әзірлеу, игеру және қолдану саласында тәжірибе алмасу жөніндегі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстарды;

      г) Одақ органдарының бірлескен жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттер осындай жобаларды іске асыруды консультативтік және үйлестіріп қолдауды жүзеге асыру үшін қажетті актілерді қабылдауы жөніндегі ұсыныстарды (қажет болған кезде) қарауды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 28 ұсынымына
№ 1 ҚОСЫМША

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы зерттеулер мен әзірленімдердің перспективалы бағыттарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен оларды жүзеге асыратын кәсіпорындардың ТІЗБЕСІ

Зерттеулер мен әзірленімдердің бағыты

Ғылыми ұйым, кәсіпорын

Беларусь Республикасы

Жаккардты құрамында зығыр бар, күңгірттеу әсер беретін гобелен портьерлік маталар

"Оршан зығыр комбинаты" РУПТП

Көптүсті суретті көлемді әсері бар сәндік жапқыштарға арналған құрамында зығыр бар жаккардты маталар


Интерьер мен жиһазды рәсімдеу үшін көптүсті ескі кесте әсері бар құрамында зығыр бар сәндік жаккардты маталар


Жаңа түрдегі котониндеу иірімжібінен алынған күрделі құрылысты асхана жаймасына арналған маталар: түрлі-түсті және ағартылған


Жалюз үлгісіндегі кесілген-тығыздалған құрылымды құрамында зығыр бар жеңіл маталар


Күрделі құрылымды құрамында зығыр бар ремизді түрлі-түсті костюмдік маталар


Иірімжіптің жаңа түрлерін, текстиль және трикотаж материалдарын жасау және өндірісте игеру

"Жеңіл өнеркәсіпті ғылыми зерттеулер орталығы" КӨБ

Тұрмыстық және техникалық мақсаттағы маталарды өндіру үшін жоғарысозымдылықты өрілген жіптерді, аралас жіпті өндірудің жаңа технологиялары

"Витебск мемлекеттік технологиялық университеті" УО, "Лента" ААҚ, "Гронитекс" ААҚ

Қазақстан Республикасы

Текстиль материалдарды өңдеу үшін суда еритін полимерлер негізінде жаңа текстильді-көмекші заттарды жасау

Алматы технологиялық университеті

Халықтың өлшемдік типологиясын және тігін бұйымдарын өлшемдік стандарттауды әзірлеу


Арнайы киім дайындау үшін жаңа композициялық, отқа төзімді материалдарды жасау


Ресей Федерациясы

Былғары және үлбір өнеркәсібінің қалдықтары базасында тапсырылған физика-математикалық және пайдалану сипаттамалары бар тоқылмаған материалдарды әзірлеу

үйлестіруші – технологиялық тұғырнама "Текстиль және жеңіл өнеркәсіп"

Наноқұрылымы бар модификацияланған үлбір материалдарды әзірлеу және өндіріске енгізу


Текстиль және жеңіл өнеркәсіптің табиғи материалдарын микроқұрылыммен басқару технологиясын әзірлеу


Полимер композициялық материалдарды, армирленген модулі жоғарыполиэтилен талшықтарын, мата әзірлеу


Ресурс үнемдейтін технологиялар әзірлеу


Арнайы қасиеті бар жаңа талшықты материалдар технологиялары


Микробқа қарсы және биоцидті әсер ететін жаңа материалдар технологиялары. Медициналық мақсаттағы жаңа материалдар (жарақатқа таңатын үлдірлі жабынды, медициналық таңу материалдары және т.б.)


Солғын қуатсызданудың төменгі температура плазмасының әсерін, құрылымдық факторларды ескере отырып, талшықты материалдар мен полимер жүйелердің үстіңгі қабатын модификациялауға арналған ЖЖ және АЖЖ сәулелені және ултрадыбысты зерттеу


Наноқұрылымдалған ТВВ пайдалана отырып, текстиль материалдарды әрлеудің технологиялық процестерін қарқындандыру


Әртүрлі талшықты құрамды текстиль материалдарына жаңа функционалдық қасиеттер беру үшін наномодификаторларды (полиэлектролиттерді, жоғары дисперсті алюмосиликаттарды, нанометалдардың бөлшектерін, липосомдарды) қолданудың теоретикалық негіздемесі


Жаңа талшықтар, композиттер, тоқымағанматериалдар мен текстиль өнімін алу техноллогияларында талшық құрайтын полимерлердің биохимиялық түрленуі


Наноматериалдар, биотехнологиялық тәсілдер, жаңа бояғыштар және текстильді-көмекші заттар, физикалық алқаптар, жаңа орта базаында текстиль материалдар өңдеудің жаңа тиімділігі жоғары экологиялық таза таехнологиялары және жаңа өнім түрлерін жасау


Арнайы мақсаттағы композиттік материалдар үшін армирленген текстиль негізін алу технологиясы


Стрейч зығыр маталарын өндіру технологиясы


Наноталшықтар алу әдістерін құру. Жаңа наноталшықты материалдар әзірлеу


Үш өлшемді профильді маталар алу технологиясы


Тоқылмаған геотекстильді материалдар және оларды климаттық жағдайлары қолайсыз өңірлердегі жол құрылысында пайдалану әдістері


Наноқұрылымдар мен нанобъектілерді тоқтың қысқа импульстарының көмегімен электрохимиялық түзу


Электростатикалық алаңда полимер наноталшықтар алу технологиясы


Белгілі бір биоқорғау қасиеттері бар балалар өнімінің жаңа түрлерін әзірлеу


Жаңа технологиялар әзірдеу және жаңа функционалдық қасиеттері бар киім дайындау


Жеке қорғауға арналған өте ыңғайлы отқа төзімді және термотөзімді трикотаж құралдарын өндіру технологиясы мен түр-түрі


Медициналық бұйымдар үшін биобелсенділігі ұзартылған инновациялық текстиль материалдары


Микробқа қарсы өңдеуі бар трикотаж матадан тігілген жүн іш киім


Созылмалығы жоғары жүн трикотаж бұйымдар


Қосарлы мақсаттағы микробқа қарсы қорғаныстық жүн іш киім


Агрессиялы ортадан қорғау құралдарының және мұнай өнімдерінің кешені бар техникалық мақсаттағы мақта мата кездемесін өндіру технологиясы


Медициналық мақсаттағы текстиль материалдарды ағартудың тиімді технологиялары: зығыр және мақта мата , құрамында зығыр бар және мақта дәке


Оттан қорғайтын және термоқорғау маталарының технологиясы


Котониндеудің тылқынмен ұру әдісімен алынған қысқа зығыр талшығын қайта өңдеу технологиясы


Маталарды бір фазалы ағартудың қарқындатылған технологиясы


Таза жүн және жартылай жүн иірімжіптен тоқылған трикотаж кездемелерді жоғары сапалы өңдеу технологиясы


Маталарды белсенді колорирлеудің ресурс үнемдейтін технологиясы


Жаңа буынды формальдегиді аз препараттардың негізінде мақта мата, вискоза және мақта араласқан маталарды жоғары сапалы өңдеу технологиясы


Трикотаж полиэфирлі кездемелерді төмен температурада бояудың ресурс үнемдейтін технологиясы


Мақта мата және мақта араласқан маталарды жоғары сапалы өңдеудің экотехнологиясы


Энзимді препараттарды қолдану базасында текстил материалдарды жоғары сапалы өңдеудің биохимиялық технологиялары


Жоғары сапалы вискоза мен модальды иірімжіпті пайдалана отырып, трикотаж маталардың түр-түрі


Элиталы жібекке ұқсас жылы іш киім


Қосарлы мақсаттағы төзімділігі жоғары жылы жұқа классикалық іш киім


Құрамында котонирленген зығыр талшығы бар иірімжіптер, маталар мен трикотаж өндіру технологиясы ен түр-түрі


Жалртылай эфирлі микрофиламентті жіптерді пайдалана отырып өндіру технологиясы және жаңа буын трикотаж маталарының түр-түрі


Армирленген иірімжіпті пайдалана отырып, маталар мен бұйымдарды өндіру технологиясы


Жайлылығы жоғары және төзімді қысқы жұқа іш киім үшін жүн трикотаж маталар өндіру технологиясы


Жайлылығы жоғары жоғары созылмалы мақта маталар өндіру технологиясы


Қорғаныш (микробқа қарсы, жылуды сақтайтын) қасиеті бар қосарланған мақсаттағы құрылымы жеңілдетілген желілік тығыздығы төмендетілген және инновациялық текстиль материалдарының жартылай жүн иірімжіптердің жаңа түрлерін өндірудің ресурс үнемдейтін технологиялары


Армирленген жіптер базасында жаңа буынды фильтрленген маталар өндіру технологиясы


Жайлылығы жоғары іш киім, спорттық трикотаж бұйымдары және төсек-орын тыстарына арналған биобелсенді текстиль материалдарын өндіру технологиясы


Құрамында биобелсенді талшық бар текстиль материалдары мен трикотаж маталар жасау технологиясы


Көпфункционалды қасиеті бар комбинирленген жоғары сапалы мақта мата өңдеу технологиясы


Құрамында вискозды жоғары модульды (ВЖМ) талшық бар иірімдіптер, маталар мен трикотаж өндіру технологиясы


Мақта салынған биобелсенді полиэфирлі талшық қоспасынан аралас иірімдіп өндіру технологиясы


Мақта мата және мақта бар аралас маталарды "суықтай" ағартудың және дайындаудың энергия үнемдейтін технологиясы


Зығыр созбасые хлорсыз ағарту технологиясы


Беріктігі жоғары тартымды конвейерлік таспалар дайындауға арналған маталар өндіру технологиясы


Жүн және жібік маталарды ағарту технологиясындағы жаңа шешімдер


Талшықтардың барлық түрінің жасалатын текстиль материалдарға арналған су, май, кір жұқтырмайтын өңдеудің энергия үнемдейтін технологиясы


Жартылай эфирлік маталарды бояудың прогрессивті энергия үнемдейтін технологиясы


Қатты киімге арналған мақта маталарды ағарту және тікелей бояулармен бояудың араласқан тәсілінің ресурс үнемдейтін технологиясы


Мақта мата, вискоза және аралас маталарды "жеңіл үтіктеп" энергия үнемдейтін өңдеудің жетілдірілген технологиясы


Трикотаж мақта маталарды жоғары сапалы ағарту технологиясы


Хромсыз титанды малманы қолдана отырып, табиғи былғары өндірудің экологияны қорғайтын технологиясы


Нубук жалатылған және жалатылмаған агрессияға төзімді табиғи былғары өндіру технологиясы


Тропикалық орындалған нубук табиғи былғары өндіру технологиясы


Микоз төзімді астарлы былғары дайындау технологиясы


Арнайы аяқ-киім жасау үшін тиімділігі жоғары экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалана отырып қо жүнін өңдеу технологиясы


Наноқұрылымды композициялық құрамдарды қолдана отырып, үлбір қой жүнін өндіру технологиясы


Жаңа конструктивті техникалық шешімдер мен бақылау әдістерін пайдалана отырып, антистатикалық аяқ-кіим өндіру технологиясы


Құрғақ ыстық және тропикалық климаттық жағдайларда пайдалану үшін арнайы аяқ-киім өндіру технологиясы


Әртүрлі жас топтарындағы оқушылардың фигураларының типологиясын ескере отырып, анатомиялық арқасы бар оқушылар сөмексін дайындау технологиясы


Балаларды жаңа антропометриялық зерттеулер базасында балалар киімінің көпнұсқалы модельді конструкцияларын жоспарлау процесін оңтайландыру әдістерін әзірлеу және өнеркәсіптік игеру


Трикотаж бұйымдарын өнеркәсіптік жоспарлау үшін балалардың жаңа өлшемді типологиясын әзірлеу және игеру


Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында шахталардың жерасты персоналы үшін қорғаныс қасиеттерінің кешені бар отандық материалдардан жасалған жаңа түрлердегі көпкешенді киім-кешек шығару технологиясын әзірлеу және игеру


Жылыту қасиеттері мен қорғау сыныбы бойынша сараланған материалдар пакетін қолдана отырып, жылытылған арнайы киім дайындау технологиясын әзірлеу


Химиялық талшықтардан, оның ішінде жаңа материалдарды жарғақшамен таптап, жаңа буынды киім материалдарын әзірлеу


Жаңа буынды созылмалығы жоғары және түрлендірілген химиялық талшықтар мен жіптерді пайдалана отырып, жаңа құрылымды инновациялық функционалдық трикотаж маталар технологиясын әзірлеу және өндіру


Төмендетілген температурадан қорғау үшін микросфераларды пайдаланып, микроталшықтар мен олардың қоспалары негізінде әртүрлі шикізат құрамының жылуды оқшаулайтын тоқылмаған материалдарды өндірудің инновациялық технологиясын әзірлеу


Ашық жалынға, жаққанға және конвективті жылуға бірмезгілде төзімділікті қамтамасыз ететін аэрогельдерді пайдалана отырып, әртүрлі шикізат құрамды, оның ішінде құрамында зығыр бар инновациялық тоқылмаған материалдарды әзірлеу


Халықтың қазіргі заманғы типологиясының базасында киімді автоматтандырылған жобалау жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу



  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 28 ұсынымына
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игеруі және қолдануы жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстардың ТІЗБЕСІ

      1. Балаларды жаңа антропометриялық зерттеулер базасында балалар киімінің көпнұсқалы модельді конструкцияларын жоспарлау процесін оңтайландыру әдістерін әзірлеу және өнеркәсіптік игеру

      2. Трикотаж бұйымдарын өнеркәсіптік жоспарлау үшін балалардың жаңа өлшемді типологиясын әзірлеу және игеру

      3. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында шахталардың жерасты персоналы үшін қорғаныс қасиеттерінің кешені бар отандық материалдардан жасалған жаңа түрлердегі көпкешендікиім-кешек шығару технологиясын әзірлеу және игеру

      4. Жылыту қасиеттері мен қорғау сыныбы бойынша сараланған материалдар пакетін қолдана отырып, жылытылған арнайы киім дайындау технологиясын әзірлеу

      5. Химиялық талшықтардан, оның ішінде жаңа материалдарды жарғақшамен қаптап, жаңа буынды киім материалдарын әзірлеу

      6. Жаңа буынды созылмалығы жоғары және түрлендірілген химиялық талшықтар мен жіптерді пайдалана отырып, жаңа құрылымды инновациялық функционалдық трикотаж маталар технологиясын әзірлеу және өндіру

      7. Төмендетілген температурадан қорғау үшін микросфераларды пайдаланып, микроталшықтар мен олардың қоспалары негізінде әртүрлі шикізат құрамының жылуды оқшаулайтын тоқылмаған материалдарды өндірудің инновациялық технологиясын әзірлеу

      8. Ашық жалынға, жаққанға және конвективті жылуға бірмезгілде төзімділікті қамтамасыз ететін аэрогельдерді пайдалана отырып, әртүрлі шикізат құрамды, оның ішінде құрамында зығыр бар инновациялық тоқылмаған материалдарды әзірлеу

      9. Халықтың қазіргі заманғы типологиясының базасында киімді автоматтандырылған жобалау жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 28 ұсынымына
№ 3 ҚОСЫМША
(нысан)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіптегі жаңа технологияларды игеруі және қолдануы жөніндегі бірлескен жобаның ПАСПОРТЫ

      20___ жылғы "___" _____________

      1. Жобаның атауы: _____________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Жоба іске асырылатын орын (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің

      атауы, әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі және аумақтың қысқаша

      сипаттамасы беріледі ): ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Жобаның аннотациясы (1 беттен аспайды, жобаның негізгі мақсаттары мен

      мазмұны көрсетіледі, жоба нәтижелерін нақты қолдану сипаттамасы және олардың

      бәсекелі артықшылықтары келтіріледі): ___________________________________

      4. Жобаның нәтижесі (коммерцияландыру өнімі, объектісі) (бірнеше позицияны

      белгілеуге болады):

      □ патент

      □ техникалық құжаттама

      □ бұйымдардың прототиптері, зертханалық (тәжірибелік) үлгі

      □ жаңа материалдарды өндіру технологиясы

      □ инновациялық өнімнің жаңа түрі

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      Өнімнің қысқаша сипаттамасы, негізгі техника-экономикалық параметрлері:

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Жобаның мақсаты (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ өндірісті техникалық қайта жарақтандыру

      □ инжинирингтік, инфрақұрылымдық орталықтар мен өзге де инновациялық

      инфрақұрылым құру

      □ жеңіл өнеркәсіпте жаңа технологиялар (инновациялық тауарларды) құру және енгізу

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      6. Жобаға инвестицияларды бағыттау (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ ҒЗЖ

      □ кәсіпорындардың тапсырысы бойынша ҒЗТКЖ

      □ өндірісті құру жөніндегі жобаның бір бөлігі ретінде капиталданатын ҒЗТКЖ

      □ материалдық емес актив ретінде капиталданатын ҒЗТКЖ

      □ негізгі (перспективалы) технологияларды әзірлеу жөніндегі ҒЗТКЖ (яғни жобаның

      нәтижелері нарықтың жаңа сегменттерін, өнімнің қағидатты түрде жаңа сыныптарын,

      перспективалы технологияларды құруға бағытталған)

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      7. Жоба нәтижелерін енгізу саласы (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ машина жасау

      □ химия өнеркәсібі

      □ ауыл шаруашылығы

      □ жеңіл өнеркәсіп

      □ құрылыс және ТКШ

      □ көлік

      □ медицина және денсаулық сақтау

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жоба бойынша жұмыстар жүргізу:

      □ ия

      □ жоқ

      9. Жобаның нәтижелеріне мүдделі болуы мүмкін кәсіпорын (ұйым), оның ішінде

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпорны (ұйымы),

      тұтынушылар аясы (қолдану саласы) және жобаны іске асыру шешуге мүмкіндік

      беретін тұтынушылардың проблемасы (міндеттері):

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұйымдарында

      (кәсіпорындарында) жобаның нәтижелерін сатып алуға ниеті бар ма:

      □ ия

      □ жоқ

      10. Жоба шеңберінде негізгі техникалық шешімдерді патенттік қорғау (бірнеше

      позицияны белгілеуге болады):

      □ патент

      □ құқықтық қорғау

      □ коммерциялық құпия режимінде қорғау (ноу-хау)

      11. Жобаның дайындық дәрежесі (бір позицияны белгілеуге болады):

      □ жобаны идеясы

      □ ҒЗЖ аяқталмаған сатысы

      □ ғылыми-техникалық құжаттама

      □ ТКЖ аяқталмаған сатысы

      □ макет

      □ зертханалық (тәжірибелік) үлгі, бұйымның прототипі

      □ жобалау-сметалық құжаттама

      □ технологиялық және конструкторлық құжаттама

      □ өндіріске беру әзірлігі

      □ өндіріске дайындалды

      □ сериялық өндіріс жүргізілуде

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      12. Жобаны технологиялық және бағалау аудитінің нәтижелері (аудиторлық ұйымның

      атауын және аудит жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, қысқаша сипаттамасы):

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      13. Әзірленіп отырған технологияға (өнімге) қажеттілікке маркетингтік зерттеу

      жүргізілді ме:

      □ ия

      □ жоқ

      14. Жобаны дайындау дәрежесі (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ инвестициялардың қысқаша негіздемесі

      □ алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме

      □ техникалық-экономикалық негіздеме

      □ бизнес-жоспар

      □ техникалық тапсырыс

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      15. Жобаны іске асыру мерзімі:

      болжамды басталатын күн (айы және жылы): ______________________

      инвестициялық сатының ұзақтығы (ай): __________________________

      жоба басталған күннен бастап инвестицияларды қайтару мерзімі (ай)____

      ________________________________________________________________

      16. Жобаның толық құны (бюджет) (мың рубль, мың АҚШ доллары): _______________

      ___________________________________________________________________________

      17. Инвестициялардың қажетті көлемі (мың рубль, мың АҚШ доллары):

      ___________________________________________________________________________

      18. Жобаны қаржыландыру:

      □ ия

      □ жоқ

      Қаржыландыру көздері (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бюджеті

      □ кәсіпорынның (ұйымның) бюджеті

      □ жеке қаражат

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      Жоспарланып отырған мемлекеттік қолдау:

      □ ия (нысанды көрсету): ________________________________________

      □ жоқ

      19. Өндіріс туралы мәліметтер (қажет болағн кезде өндірістің сипаттамасы, негізгі

      технологиялық кезеңдер (бөлісулер) және өндірістің жылдар бойынша болжамы):

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      20. Жобаның болжанып отырған тәуекелдері (азаю тәртібімен):

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      21. Жобаның инновациялық деңгейі (бірнеше позицияны белгілеуге болады):

      □ нарықта аналогы жоқ тұжырымды жаңа жоба

      □ өзіне нарықта аналогтары бар қағидатты түрде жаңа өнімді, өндірістің қағидатты

      жаңа материалдары мен технологиясын қамтитын қағидатты жаңа жоба

      □ белгілі өнімнің қағидатты жаңа сегменті (жаңа нарықтық тауаша)

      □ нарықта аналогтарды пайдалануды алмастыратын қағидатты жаңа өнім

      □ қолда бар аналогтарды нарықта пайдалануды жабатын өндірістің қағидатты жаңа

      технологиясы

      □ белгілі өнімнің сапасын едәуір жақсарту

      □ өндіріс технологиясының тиімділігін арттыру есебінен берілген сапаны сақтау

      кезінде өнімнің өзіндік құнын едәуір азайту (2 реттен артық)

      □ сапаны едәуір жақсарту немесе жаңа материалды, жаңа құрауыштарды қолдану

      есебінен өзіндік құнды төмендету

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      22. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің инвестор ұйымдарының

      (кәсіпорындарының) өтініш беруші мүдделі жобасына қатысу нысаны (бірнеше

      позицияны белгілеуге болады):

      □ грант

      □ жарғылық капиталға қатысу, үлесті сатып алу

      □ инвестордың қарыз беруі

      □ инвестордың облигациялар мен өтініш берушінің айырбасталатын борыштық

      міндеттемелерін сатып алуы

      □ кредиттер мен басқа да міндеттемелер бойынша кепілгерліктерді беру

      □ лизингтік операцияларды жүзеге асыру

      □ инвесторға зияткерлік меншікке құқықтарды беру

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      23. ҒЗТКЖ жобалары үшін:

      Жоба нәтижелерін коммерцияландыру жоспарының болуы:

      □ ия

      □ жоқ

      Әзірлеушілердің жоба нәтижелерін коммерцияландыруға қатысуға дайындығы:

      □ ия

      □ жоқ

      Әзірлеушілердің жоба нәтижелерін коммерцияландыруға қатысу нысаны:

      □ әзірленім енгізуін өндірісте бірге алып жүру

      □ өндірушінің жеке компаниясын құру

      □ әзірлеушінің жеке инфинирингтік компаниясын құру

      □ басқасы (көрсету): ___________________________________________

      24. Өтініш берушінің жобаға өтінім бойынша ақпараттық материалдармен жұмыс істеу

      режимі туралы ұсыныстары:

      ___________________________________________________________________________

      25. Орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама(жеке парақта 1 беттен аспайды).

      26. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жобаға қоса атқарушылар

      ретінде қатысуға тарту жоспарланған ұйымдары (кәсіпорындары) бойынша ұсыныстар

      (қоса атқарушылар бар болған кезде олар туралы ақпарат көрсетіледі – жеке

      парақта 1 беттен аспайды): _________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады