Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 13 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы "Жоғары Еуразиялық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібі туралы" № 96 шешімімен бекітілген Жоғары Еуразиялық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

     
      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
     

  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
  2017 жылғы 11 қазандағы №13 шешіміне
  ҚОСЫМША

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      VII бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"VII. Құжаттарды қабылдау тәртібі

      17.Жоғары кеңес отырысының қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар жазбаша нысанда 1 дана ресімделеді және оған Жоғары кеңес мүшелерінің бәрі қол қояды.

      18.Ұйымдастырушылық-хаттама тобының мүшелері отырыс қорытындысы бойынша қабылданған, Комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларымен белгіленген нысан бойынша бланкілердегі құжаттарға Жоғары кеңес мүшелерінің қол қоюын қамтамасыз етеді.

      Айрықша жағдайларда құжаттарға жұмыс тәртібімен қол қойылуы мүмкін, оны Алқа Төрағасы қамтамасыз етеді. Бұл ретте мұндай құжатқа қол қойылған күн Жоғары кеңес отырысы өткізілген күн болып табылады.

      18¹.Жоғары кеңестің құжаттары отырыс (күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша талқылау және дауыс беру үшін Жоғары кеңес мүшелерінің бірлескен қатысуы) өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.

      Жоғары кеңестің сырттай дауыс беру арқылы қабылдау ұсынылатын құжаттары бойынша мәселелердің тізбесін (бұдан әрі - сырттай дауыс беруге арналған тізбе) Алқа Төрағасы осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес қалыптастырады.

      Алқа Төрағасы сырттай дауыс беруге арналған тізбеге ілеспе хатта көрсетілетін қол қойылған құжаттарды Комиссияға ұсыну аяқталатын күнге дейін 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей сырттай дауыс беруге арналған тізбені Жоғары кеңес құжаттары жобаларының даналарымен және осы Тәртіптің 8-тармағына сәйкес қалыптастырылған құжаттардың және материалдардың жиынтығымен бірге Жоғары кеңес Төрағасына және Жоғары кеңес мүшелеріне жібереді. Жоғары кеңес құжаттары жобаларының жіберілетін барлық данасына қосымшаларды қоса әр бетінің сыртқы жағынан Комиссия қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету үшін жауапты Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері виза қояды.

      Егер қол қойылған құжаттарды Комиссияға ұсыну аяқталатын күнге дейін сырттай дауыс беруге арналған тізбеге енгізілген мәселе бойынша ең болмаса Жоғары кеңестің бір мүшесінен құжаттың қол қойылған данасы түспесе, бұл жағдайда мұндай құжат қабылданбаған болып есептеледі және Жоғары кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілуі мүмкін.

      Сырттай дауыс беру кезінде Жоғары кеңестің құжатына оған енгізілген және (немесе) оның қосымшаларына енгізілген өзгерістерімен (толықтырулармен, ескертпелермен, талаптармен және т.б.) қол қоюға жол берілмейді.

      Егер Комиссияға Жоғары кеңестің ең болмаса қол қойылған бір құжаты оған енгізілген және (немесе) оның қосымшаларына енгізілген өзгерістерімен (толықтырулармен, ескертпелермен, талаптармен және т.б.) түссе, бұл жағдайда мұндай құжат қабылданбаған болып есептеледі.

      Жоғары кеңес мүшесі сырттай дауыс беруге арналған тізбеге енгізілген мәселе бойынша құжаттың жобасымен келіспеген кезде тиісті мүше мемлекеттің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттігі бар уәкілетті органы Жоғары кеңес құжатының жобасын ескертулермен және ұсыныстармен бірге қол қоймай қайтарады.

      Жоғары кеңестің құжатты сырттай дауыс беру арқылы қабылдау күні Комиссияға құжаттың ең соңғы қол қойылған данасы түскен, бірақ қол қойылған құжаттарды ұсыну аяқталатын белгіленген күннен кешіктірілмейтін күн болып табылады.

      Мұндай құжатты қабылдау орны Комиссияның болу орны болып табылады.

      Жоғары кеңес сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған құжаттар Жоғары кеңес мүшелерінің санына сәйкес данада ресімделеді .

      19.Жоғары кеңес құжаттарының түпнұсқа даналары депозитарий функциясын атқаратын Комиссияда сақталады.

      20.Алқа Төрағасы Жоғары кеңес қабылдаған құжаттардың әрқайсысының куәландырылған 1 данасын осы құжаттар қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей мүше мемлекеттердің Үкіметтеріне, мүше мемлекеттердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттігі бар мемлекеттік билік органдарына, мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктеріне жіберуді қамтамасыз етеді.

      Жоғары кеңестің сырттай дауыс беру арқылы қабылданған құжатының куәландырылған көшірмесі Жоғары кеңестің барлық мүшесі қол қойған құжат даналарынан қалыптастырылған көшірме болып табылады.

      21.Жоғары кеңестің шешімдері, егер осы шешімдерде күшіне енгізудің өзге мерзімі айқындалмаса, ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары кеңестің шектеулі таратылатын мәліметтерді қамтитын шешімдері осы шешімдер айқындайтын мерзімде күшіне енеді.

      Жоғары кеңестің өкімдері осы өкімдер айқындайтын мерзімде күшіне енеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады