Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған қондырғыны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған, доңғалақты түрдегі өздігінен жүретін шассиге орнатылған, бірақ көліктік құрал белгілері (қозғалтқыш, берілістер корабы, жылдамдықтарды ажыратып қосуды басқару, рульмен басқару, тежегіш) бар, құрылымы жағынан біріктірілмеген және онымен бірыңғай механикалық агрегат құрамайтын, өздігінен жүретін шассиді басқару, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату құралдары жүргізушінің кабинасында орналасатын, ал жөндеу жабдығын басқару өздігінен жүретін шассидің рамасына орналасқан арнаулы пультпен жүзеге асырылатын, бұрғылауды және еңісті көтеру операцияларын қоса, жерасты жөндеу жұмыстары өндірісіне арналған жабдықпен жарақтандырылған қондырғы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8705 20 000 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады