Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Матрацтардың стандартты өлшемдеріне сәйкес келетін, құйма және (немесе) кейін өңдеу нәтижесінде алынған ретімен және (немесе) ретсіз перфорациялаудан пайда болған әртүрлі қаттылықтағы бірнеше аймағы бар әртүрлі қалыңдықтағы, ұзындығы 200 см, ені 80 см-ден 180 см-ге дейін латексті вулканизацияланған кеуекті пластиналар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 2 (а) негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9404 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |