Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 21 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген Көлік құралдарына (көлік құралдарының шассилеріне), өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа да түрлеріне паспорттар (электрондық паспорттар) ресімдеуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа да түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақтың "б" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "жасаушы ұйымның өндірісін құрастырып өндіруді жүзеге асыратын және осы өндіруші ұйымның олар құрастырған өнімге электрондық паспорттар рәсімдеуге уәкілетті ұйымдардың (бұдан әрі – құрастыру зауыттары) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғалардың мекенжайы), нақты мекенжайы, осындай ұйымдар басшыларының телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);";

      б) 7-тармақтың "а" тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жасаушы ұйымның көлік құралдарының, көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғасының (лауазымды тұлғаларының) және (немесе) осы жасаушы ұйым олар құрастырған өнімге электрондық паспорттар рәсімдеуге уәкілеттік берген құрастыру зауытының лауазымды тұлғасының (лауазымды тұлғаларының) электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы – көрсетілген электрондық паспорттарды рәсімдеуді жүзеге асыратын жасаушы ұйымддар және (немесе) құрастыру зауыттары үшін;".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 4-тармақтың "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) енгізілген көлік құралдарын (шасси, машиналар) жасаушы ұйымдар, соның ішінде жасаушы ұйымның өнімін құрастыру өндірісін жүзеге асыратын және олар туралы мәліметтерді жасаушы ұйым бірыңғай тізілімге құрастырылғанөнімге электрондық паспорттар рәсімдеуге уәкілетті ұйымдар туралы мәліметтер ретінде енгізетін осы жасаушы ұйым олар жинаған өнімге электрондық паспорттар рәсімдеуге уәкілеттік берген ұйымдар (бұдан әрі – жасаушы ұйымдар);";

      б) көрсетілген Тәртіпке № 3 қосымшаның 5-тармағы мынадай мазмұндағы 11-тармақшамен толықтырылсын:

      "11) құрастырушы зауыт және оның мекенжайы.";

      в) көрсетілген Тәртіпке № 7 қосымшаның 6-тармағы мынадай мазмұндағы 13-тармақшамен толықтырылсын:

      "13) "құрастырушы зауыт және оның мекенжайы" өрісінде – жасаушы ұйымның өнімін құрастыру өндірісін жүзеге асыратын және осы жасаушы ұйым оның құрастырған өніміне электрондық паспорттар рәсімдеуге уәкілеттік берген ұйымның (бұдан әрі – құрастырушы зауыт) толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – заңды тұлғалар және оның өнімді дайындайтын филиалдары үшін немесе тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және өнімді дайындау бойынша қызметі жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін. Егер жасаушы бірнеше жинақтаушы зауыты бар, соның ішінде әртүрлі елдерде орналасқан трансұлттық компания болып табылған жағдайда осы көлік құралына қатысты жинақтаушы зауыт болып табылатын ұйымның атауы көрсетіледі.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады