Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 наурыздағы № 30 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 21 наурыздағы
№ 30 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 13 маусымдағы "КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру кеден органына Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарының сақталуын растайтын сәйкестілік туралы құжаттардың бірін ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін бекіту туралы" № 79 шешіміне:

      а) атауында "КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру кеден органына Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарының сақталуын растайтын сәйкестілік туралы құжаттардың бірін ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып бекіту" деген сөздер "Оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты ұсынумен ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспеде "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақта "КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру кеден органына Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарының сақталуын растайтын сәйкестілік туралы құжаттардың бірін ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып бекіту" деген сөздер "Оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты ұсынумен ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) көрсетілген Шешіммен бекітілген КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру кеден органына Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарының сақталуын растайтын сәйкестілік туралы құжаттардың бірін ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесінде:

      атауында "КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру кеден органына Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарының сақталуын растайтын сәйкестілік туралы құжаттардың бірін ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып бекіту" деген сөздер "Оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО TP 019/2011) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты ұсынумен ұсынумен ілесе жүргізілуі тиіс өнімдер тізбесін бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-графаның атауында "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-графада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Сәйкестілікті бағалау туралы құжат";

      "Декларациялау" деген сөз "сәйкестілік туралы декларация" деген сөздермен, "Сертификаттау" деген сөз "сәйкестілік сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-бөлімнің "Биіктіктен қорғану және құтқарудың басқа да құралдары" позициясында "84 28 90 900 0-ден" деген сөздер "8428 90 900 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3-бөлімдердің "Жеке қорғаныс құралдарына арналған ауыстыру сүзгілері (сүзгіден өткізу элементтері)" позицияларында "5502 00-ден" деген сөздер "5502-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-бөлімнің "Биологиялық факторлардың – жәндіктердің ықпалынан қорғану құралдары" позициясында "3808 50 000-ден" деген сөздер "3808 52 000 0-ден, 3808 59 000-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертуде "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО TP 018/2011) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 14 шілдедегі № 77 шешіміне:

      а) атауында және 1-тармақта "құжаттарды" деген сөз "құжатты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО TP 018/2011) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесінде:

      атауында "құжаттар" деген сөз "құжатты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8407 33 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8407 33 200 0 8407 33 800 0" кодтарымен ауыстырылсын;

      7-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "7304 41 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "7304 41 000 8" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 2 8409 91 000 8" кодтарымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      12-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      13-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "7307 99 900 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "7307 99 800 9" кодымен ауыстырылсын;

      15-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      17-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      18-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 900 0" кодымен ауыстырылсын;

      30-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 900 0" кодымен ауыстырылсын;

      43-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8714 10 900 0" кодымен ауыстырылсын;

      48, 64 және 88-позицияларда ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 8" кодымен ауыстырылсын;

      58-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 10 290 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 10 290 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 10 890 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 10 890 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 20 200 8" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 20 200 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 20 800 2 9026 20 800 8" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 20 800 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 80 200 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 80 200 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 80 800 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 80 800 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9026 90 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 90 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 90 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      60-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 2 8409 91 000 8" кодтарымен ауыстырылсын;

      61-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 2 8409 91 000 8" кодтарымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      74-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8537 10 910 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8537 10 910 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      75-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8511 10 000 8" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8511 10 000 9" кодымен ауыстырылсын;

      76-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8504 40 820 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8504 40 820 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8511 50 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8511 50 000 8" кодымен ауыстырылсын;

      78-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 90 100 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8536 90 100 0" кодымен ауыстырылсын;

      85-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9032 89 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      93-позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "4409 29 910 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "4409 22 000 0 4409 29 920 0" кодтарымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "7314 41 100 0 7314 41 900 0" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "7314 41 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "7314 42 100 0 7314 42 900 0" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "7314 42 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      97-позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "7317 00 900 1" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "7317 00 800 9" кодымен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО TP 031/2012) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 30 шешімінде:

      көрсетілген Шешіммен бекітілген оларға қатысты кедендік декларацияны тапсыру Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО TP 031/2012) талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесінде:

      1-позицияның 1-тармақшасында 2-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "8701 91

      (8701 91 100 0-ден басқа)

      8701 92

      8701 93

      8701 94

      8701 95";

      1-позицияның 3-тармақшасында:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8716 39 510 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8716 39 500 1" кодымен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "8716 39 590 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8716 39 500 9" кодымен ауыстырылсын;

      2-позицияның 7-тармақшасында ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 9" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8409 91 000 8" кодымен ауыстырылсын;

      2-позицияның 10-тармақшасында ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 61 000 0 4011 92 000 0" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "4011 70 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      2-позицияның 11-тармақшасында ЕАЭО СЭҚ ТН "8407 33 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8407 33 200 0 8407 33 800 0" кодтарымен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады