Армения Республикасында өсімдіктерден алынатын жемшөпке мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру ерекшеліктерін назарға ала отырып, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабы 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаның ІІ бөліміне өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 67 шешімінің күші жойылсын.
3. Шешімге қосымшаның 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қосымшаның 2 және 4-тармақтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне бұршақ тұқымдас көкөністер және жемшөптік қоспалар секілді тауарлармен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 34 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаның ІІ бөліміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. 39-позицияда 6-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсатта және ветеринариялық сертификатта нөмірі және (немесе) бақылауға жататын тауарды айналымға шығарған кәсіпорынның атауы көрсетілуі тиіс".
2. 46-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"461 |
0708-ден, | Жануарлар жемшөбі үшін пайдаланылатын бұршақ тұқымдас көкөністер6 | ветеринариялық сертификат | иә | тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсатта және ветеринариялық сертификатта нөмірі және (немесе) бақылауға жататын тауарды айналымға шығарған кәсіпорынның атауы көрсетілуі тиіс". |
3. 68-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық сертификат (тауарларды ветеринарияда, соның ішінде жануарларға арналған жемшөптерде пайдалануды декларациялау кезінде) – Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін тауар үшін ветеринариялық сертификат (жануарлардан алынатын компоненттердің кемінде 50 % қамтитын өнімдерді қоспағанда) – Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тауарлар үшін".
4. 68-позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"681 |
1518 00-дан, 2102-ден, | Жемшөп қоспалары | ветеринариялық сертификат (тауарларды ветеринарияда, соның ішінде жануарларға арналған жемшөптерде пайдалануды декларациялау кезінде) – Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін тауар үшін, ветеринариялық сертификат (жануардан алынатын компоненттерді қамтымайтын тауарларды қоспағанда, тауарларды ветеринарияда, соның ішінде жануарларға арналған жемшөптерде пайдалануды декларациялау кезінде) – Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тауар үшін | иә | тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсатта және ветеринариялық сертификатта нөмірі және (немесе) бақылауға жататын тауарды айналымға шығарған кәсіпорынның атауы көрсетілуі тиіс". |
5. 94-позицияда 6-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ әкелуге рұқсатта және ветеринариялық сертификатта нөмірі және (немесе) бақылауға жататын тауарды айналымға шығарған кәсіпорынның атауы көрсетілуі тиіс".
6. 95-позицияда 4-графадағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық сертификат – жануардан алынған компоненттерді қамтитын тауарлар және ветеринарияда, соның ішінде жануарларға арналған жемшөптерде пайдаланылатын тауарлар үшін".
7. Мынадай мазмұндағы 6-сілтемемен толықтырылсын:
"6 Армения Республикасына, Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына арналған тауарларға қатысты ветеринариялық бақылау жүзеге асырылмайды және осы тізбенің 4 – 6 графаларында көрсетілген шаралардың ешқайсысы қолданылмайды.".