Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне бетон араластырғыштар мен ерітінді араластырғыштардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 36 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 36 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ


СЭҚ ТН
коды
 

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі


8474 31 000 0

– – бетон араластырғыштар немесе ерітінді араластырғыштар

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 36 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
ПОЗИЦИЯЛАР


СЭҚ ТН
коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі


8474 31 000

– – бетон араластырғыштар немесе ерітінді араластырғыштар:



8474 31 000 1

– – – ауыспалы токтың 220 В қорек кернеуі бар электр қозғалтқышпен жабдықталған жүктеу бойынша 200 л аспайтын көлеммен

дана


8474 31 000 9

– – – өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 36 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ


СЭҚ ТН
коды
 

Позицияның атауы

Кедендік әкелу баждарының ставкасы
(кедендік құнның пайызымен, не еуромен, не АҚШ долларымен)


8474 31 000 1

– – – ауыспалы токтың 220 В қорек кернеуі бар электр қозғалтқышпен жабдықталған жүктеу бойынша 200 л аспайтын көлеммен

0


8474 31 000 9

– – – өзгелері

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады