Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 45 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы "Кеден одағында полимер жабыны бар металл прокатын өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" № 49 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2018 жылғы 27 ақпанға дейінгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2018 жылғы 27 ақпанға дейінгі аралықта, алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіппен, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады