Тауар декларациясында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 46 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 191-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауар декларациясында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 11 мамырдағы
№ 46 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауар декларациясында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер өтініш мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік, өзге де төлемдерді кері қайтару (есепке алу) үшін қажетті мәліметтерді қамтыған жағдайда, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік, өзге де төлемдер төлеушінің өтініші бойынша жүргізілетін болса, ол кері қайтару (есепке алу) өтініші ретінде қаралады.".

      2. 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тауарлар айналымға шығарылғаннан кейін не осы Тәртіптің 12-тармағының үшінші абзацында көзделген құжаттар кеден органына тапсырылған кезде кеден органы оларды тапсырылған күнін көрсете отырып, соның ішінде кеден органының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып тіркейді.

      Кеден органының өтінішті қарауы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кеден органында өтінішті тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Кеден органының осы Тәртіптің 12-тармағының үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды қарауы, егер мүше мемлекеттің заңнамасымен аз ұзақ мерзім көзделмеген болса, осындай құжаттар тіркелген күннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Егер өтінішті қарау үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатта қамтылған мәліметтердің сенімділігін, сондай-ақ тауардық шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру және (немесе) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартта көзделген тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер алу мақсатында тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге және (немесе) тексеруге уәкілетті органға (ұйымға) сұрау салуды жіберу қажет болған жағдайда осы Тәртіппен көзделген мерзімнің өтуі сұрау салу жіберілген күнген бастап кеден органының оған жауап алған күніне дейін, ал егер осы тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларымен белгіленген мерзімде жауап алынбаған болса – осы мерзім аяқталған күнге дейін (қоса алғанда) тоқтатылады.

      Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге және (немесе) тексеруге уәкілетті органға (ұйымға) сұрау салуды жөнелтумен бірге мезгілде осындай сұрау салуды жөнелту себептерін көрсете отырып өтінішті қарау мерзімінің тоқтатылғаны туралы декларантқа хабарлайды.".

      3. 19-тармақта бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өзге де жағдайларда кеден органы ТД-да көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдайды. ТД-да көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауды осы Тәртіптің 16-тармағының екінші – төртінші абзацтарына сәйкес белгіленген мерзімдер шегінде лауазымды тұлға жүзеге асырады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады