Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 60 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 60 шешіміне
ҚОСЫМША

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын
Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      Мынадай мазмұндағы 45-тараумен толықтырылсын:

"45-тарау

Төбеттердің ұрықтарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік
аумағына әкелу және (немесе) мүше мемлекеттер арасында өткізу кезіндегі
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      Ұрық алуға, оны зерттеуге, өңдеуге, консервациялауға және сақтауға жағдай жасалған үй-жайларда дені сау жануарлардан алынған төбеттердің ұрықтарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) мүше мемлекеттер арасында өткізуге рұқсат етіледі.

      Төбеттер – ұрық донорлары (бұдан әрі – донор төбеттер) жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза ұстау орындарынан шыққан:

      құтыру – соңғы 6 ай ішінде (донор төбеттерде ұрықты алғаннан кейін 15 күн ішінде құтыру белгілері байқалмады);

      туберкулез – соңғы 6 ай ішінде.

      Донор төбеттерге, егер оларға соңғы 12 ай ішінде құтыруға, етқоректі жануарлардың обасына, парвовирустық және аденовирустық инфекцияларға, лептоспирозға қарсы екпе жасалмаған болса, ұрық алынғанға дейін 20 күннен кешіктірілмей вакцина егілуге тиіс.

      Донор төбеттер ұрық алынғанға дейін 14 күннен кешіктірілмей лептоспирозға (егер олар профилактикалық мақсатта вакцина егілмеген немесе дигидрострептомицинмен немесе экспорттаушы елде тіркелген балама әсер ететін өзге де заттармен өңделмеген болса) және бруцеллезге қарсы аккредиттелген зертханада (ветеринариялық сертификатта зертхананың атауы, зерттеу күні және әдісі көрсетілуі тиіс) теріс нәтижелермен зерттелуге тиіс.

      Донор төбеттер ұрық алынғанға дейін кемінде 14 күн табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмайды және мұндай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда ұсталады.

      Донор төбеттер ұрық алынғанға дейін 10 күннен кешіктірмей антигельминттік препараттармен өңделуге тиіс.

      Донор төбеттер ұрық алынғанға дейін денсаулығын растау үшін міндетті термометриямен клиникалық тексеруден өтуге тиіс.

      Донор төбеттердің ұрығының құрамында патогендік және токсикогендік микроағзалар болмауға тиіс.

      Ұрық ХЭБ Кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынуы, сақталуы және тасымалдануға тиіс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады