Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағалық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 67 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 5 шілдедегі № 200 шешімімен бекітілген Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағалық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 67 шешіміне
ҚОСЫМША

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағалық реттеу және мемлекеттік
(муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік
комитет туралы ережеге енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мәтін бойына тиісті түрде және септіктегі "Тараптар" деген сөз тиісті түрде және септіктегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2-тармақта "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық одаққа (бұдан әрі – Тараптар)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комитет өз қызметінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын басқа халықаралық шарттарды, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Комиссияның шешімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.".

      4. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу жөніндегі кіші комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың неғұрлым өзекті мәселлері бойынша және мүше мемлекеттердің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнамасын үндестіру проблемалары бойынша консультациялар өткізу;

      2) консультациялар өткізу және олардың нәтижелері бойынша Комиссия бекітетін мынадай құжаттарды дайындау:

      трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесі және салу тәртібі;

      бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесі;

      монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу әдістемесі;

      экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестік қағидаларын қолдану ерекшеліктері (қажет болған жағдайда);

      трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібі;

      трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі;

      трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарау тәртібі;

      Комиссия мен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара, соның ішінде ақпараттық іс-қимылдары тәртібі;

      3) Комиссияның құзыретіне монополияға қарсы реттеу, бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алулар салалсындағы саясат мәселелері жатқызылған департаменттері жүргізген мүше мемлекеттер заңнамаларының мониторингі және талдау қорытындысы бойынша консультациялар өткізу және ұсыныстар дайындау.".

      5. 9-тармақтың 1-тармақшасы қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

      6. 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар бойынша кіші комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Комиссияға мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік, талдамалық және ақпараттық материалдар мен ұсыныстарды дайындау;

      2) құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың, мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру саласындағы заңнамасын жетілдірудің және үндестірудің неғұрлым өзекті мәселелері бойныша консультациялар өткізу;

      3) басқа мүше мемлекеттің ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуіне байланысты мүше мемлекеттің өтініші бойынша консультациялар өткізу және ұсыныстар дайындау;

      4) басқа мүше мемлекеттің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ХХІІ бөлімін іске асыру бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты мүше мемлекеттің өтініші бойынша ұсыныстар дайындау.".

      7. 18-тармақтың бірінші абзацы қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады