2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позиция енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 42С ескертумен толықтырылсын:
"42С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % көлемінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 76 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.08.2019 жылға дейін қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 76 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3210 00 900 0 | – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 76 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
3210 00 900 | – өзгелері: | |
3210 00 900 1 | – – былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған5) | – |
3210 00 900 9 | – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 76 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу баждарының ставкасы (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен) |
3210 00 900 1 | – – былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған5) | 542С) |
3210 00 900 9 | – – өзгелері | 5 |