2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа қол қоюға байланысты және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 13-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" № 260 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген, бланкілері осы Шешім күшіне енгенге дейін әзірленген кедендік құжаттардың нысандары осы Шешімге сәйкес өзгерістер енгізілген кедендік құжаттардың нысандарымен қатар ескі үлгідегі бланкілер таусылғанға дейін, бірақ 2018 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қолданылатындығы белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 84 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспеде "Кеден одағының Кеден кодексінің статей 18, 53, 96, 109, 113, 115, 116, 117, 119, 144, 145, 221, 316, 355, 360-баптары" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 23, 323, 327 – 330, 341, 379, 393 және 406-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-тармақта:
а) бесінші абзацта "(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) алтыншы абзацта "(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кедендік одақтың" деген сөздер "(Еуразиялық экономикалық одақтың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) жетінші абзацта "жүргізу туралы" деген сөздер алып тасталсын;
г) тоғызыншы абзацта "және үлгілері" деген сөздер "және (немесе) тауар үлгілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) оныншы абзацта "ұстап қалу" деген сөздер "ұстап қалу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) он бірінші абзац күші жойылды деп танылсын.
3. 2-тармақта "тауарды КО СЭҚ ТН сәйкес сыныптау бойынша және оны толтыру тәртібі" деген сөздер "тауарды сыныптау туралы және Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім нысанын толтыру тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 3-тармақ күші жойылды деп танылсын.
5. Көрсетілген Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарын өзгерту, шығарып тастау, жою немесе алмастыру туралы акті нысанында "Кеден одағының Кеден кодексінің 109-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 341-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Көрсетілген Шешіммен бекітілген түсіндіту нысанында "Кеден одағының Кеден кодексінің 113-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 323-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Көрсетілген Шешіммен бекітілген кедендік тексеру (қарап тексеру) актісі нысанында:
а) атауында және мәтін бойына "(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Кеден одағының Кеден кодексінің 116 (115) бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 328 (327) бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының Кеден кодексі 116-бабының 5-тармағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 328-бабының 7-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) мәтін бойына "СЕН/СТН (БСН, ЖСН)/ЖСН" деген сөздер "СТЕН/СЕН/БСН, немесе ЖСН/ЖСН, немесе ПИН/ЖСН және ЕАК" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) "нәтижелері көрсетіледі" деген сөздерден кейін "кедендік" деген сөзбен толықтырылсын;
д) "Сынамалар және үлгілер алу жүргізілді" деген сөздер "Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу жүргізілді" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Көрсетілген Шешіммен бекітілген жеке тұлғалардың ілеспе жүгінде жеке пайдалануға арналған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік тексеру (қарап тексеру) актісінің нысанында:
а) атауында "(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мәтін бойына сәйкес септіктегі "(қарап тексеру)" деген сөздер сәйкес септіктегі "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "КБТҚ қолдана отырып" деген сөздер "кедендік бақылаудың техникалық құралдарын: ________________ қолдана отырып" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының Кеден кодексі 116-бабының 5-тармағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 328-бабының 7-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын, "ЖНМ" аббревиатурасы "жеке нөмірлік мөр" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) көрсетілген актіге қосымша парақша нысанында:
атауында "(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
(қарап тексеру)" деген сөздер "(кедендік қарап тексеру)" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Көрсетілген Шешіммен бекітілген жеке кедендік тексеруді жүргізу туралы акті нысанында:
а) атауында "жүргізу туралы" деген сөздер алып тасталсын;
б) мәтін бойына сәйкес септіктегі "жеке тексеру" деген сөздер сәйкес септіктегі "жеке кедендік тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "Кеден одағының Кеден кодексінің 117-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 329-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) "техникалық құралдары" деген сөздің алдында "кедендік бақылаудың" деген сөздермен толықтырылсын;
д) "хаттамаға" деген сөз "актіге" деген сөзбен ауыстырылсын.
10. Көрсетілген Шешіммен бекітілген үй-жайларды және аумақты кедендік тексеру актісі нысанында:
а) "Кеден одағының Кеден кодексінің 119-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 330-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "көрсету" деген сөз алып тасталсын;
в) "жүргізу туралы (ұйғарымның, тексеруді тағайындау туралы актінің)" деген сөздер "шығып тексеруді жүргізу туралы (ұйғарым)" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының Кеден кодексінің 101-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 346-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Көрсетілген Шешіммен бекітілген сынамаларды және үлгілерді іріктеу актісі нысанында:
а) атауында "және үлгілерді" деген сөздер "және (немесе) тауарлар үлгілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мәтін бойынша сәйкес септіктегі "сынамалар (үлгілер)" деген сөздер сәйкес септіктегі "тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) I-бөлімде:
"немесе олардың өкілдерінің" деген сөздерден кейін ", пошта байланысы операторы тағайындаған өкілдің (халықаралық пошта жөнелтілімдерінде орын ауыстыратын тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Кеден одағының Кеден кодексінің 101-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 346-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының Кеден кодексінің 144-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 393-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "мәндердің" деген сөз "объектілердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
г) ІІ-бөлімде "тауарлардың сынамалары (үлгілері)" деген сөздер "тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) IV-бөлімде "мәндердің" деген сөз "объектілердің" деген сөзбен ауыстырылсын, "тез бүлінетін" деген сөздер "тез бұзылуға ұшырайтын" деген сөздермен ауыстырылсын, "тез бүлінетін" деген сөздер "тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, –" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) V-бөлім "өкілдерінің," деген сөзден кейін "пошта байланысы операторы тағайындаған өкілдің (халықаралық пошта жөнелтілімдерінде орын ауыстыратын тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде)," деген сөздермен толықтырылсын".
12. Көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларды және олардың құжаттарын ұстап қалу хаттамасы нысанында:
а) атауында "ұстап қалу" деген сөздер "ұстап қалу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Кеден одағының Кеден кодексінің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген хаттаманың сыртқы бетіндегі нысанда:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылықтардың немесе қылмыстардың мәндері болып табылмайтын не осындай мәндер болып табылатын, бірақ қылмыстар туралы хабарламаларды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша (әкімшілік процесті жүргізу барысында) өндіріс барысында алып қойылмаған не тыйым салынбаған тауарларды және олардың құжаттарын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 12-бабының 4 және 5-тармақтарында, 88-бабының 10-тармағында, 98-бабының 5-тармағында, 101-бабының 3-тармағында, 113-бабының 3-тармағында, 133-бабының 5-тармағында, 139-бабының 5-тармағында, 125-бабының 6-тармағында, 161-бабының 5 және 6-тармақтарында, 205-бабының 12-тармағында, 207-бабының 3 және 4-тармақтарында, 215-бабының 3-тармағында, 240-бабының 4-тармағында, 246-бабының 6-тармағында, 258-бабының 5-тармағында, 259-бабының 7-тармағында, 264-бабының 5 және 12-тармақтарында, 286-бабының 7-тармағында және 393-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда кеден органдары ұстап қалады. Ұстап қалған тауарлар сақтау үшін уақытша сақтау қоймаларына немесе кеден органы белгілейтін және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған өзге де орындарға орналастырылады.
Ұстап қалған тауарларды және олардың құжаттарын кеден органдары күнтізбелік 30 күн ішінде сақтайды, ал тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар – 24 сағат ішінде сақталады. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 12-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ұстап қалған тауарларды және олардың құжаттарын кеден органдары күнтізбелік 3 күн ішінде сақтайды.";
төртінші – алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұстап қалған тауарларды және олардың құжаттарын қайтару декларанттарға, ал егер тауарларды кедендік декларациялау жүзеге асырылмаған болса – тауардың меншік иелеріне, ал егер меншік иесі шетелдік тұлға болып табылатын не кеден органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайда – ұстап қалу мәтінде тауарлар иелігінде болған тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 381-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
Осындай кедендік операцияларды жүргізуге құқығы бар тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу қажет болған жағдайда тауармен бірге ұстап қалған құжаттарды кеден органы тауар шығарылғанға дейін осындай тұлғаға қайтарады.
Кеден органдары ұстап қалған және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 381-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпейтін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 380-бабы 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде өткізуге, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 382-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарларды ұстап қалған кеден органының пайдалануына немесе жоюына жатады.";
жетінші және сегізінші абзацтарда "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік қарап тексеру (кедендік тексеру) актісінің көрсетілген Шешіммен бекітілген нысанында "Кеден одағының Кеден кодексінің 116 (115)-бабы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 328 (327)-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын, "пошта байланысы операторы" деген сөздер "пошта байланысының тағайындалған операторының өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын, "үлгілер және сынамалар" деген сөздер "тауарлардың үлгілері және (немесе) сынамалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. Көрсетілген Шешіммен бекітілген КО СЭҚ ТНН сәйкес тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешімнің нысанында:
а) атауында "КО СЭҚ ТН сәйкес тауарды сыныптау бойынша" деген сөздер "тауарды сыныптау бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 6-графада "КО СЭҚ ТН бойынша" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген алдын ала шешімге мынадай мазмұндағы қосымша парақ нысанымен толықтырылсын:
"Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге қосымша парақ
1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді тіркеу нөмірі | 2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қабылданған күні (күні, айы, жылы) | 3. Қосымша парақтың нөмірі |
4. Қосымша мәліметтер | ||
5. Кеден органының лауазымды тұлғасының қолы |
".
15. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешімнің нысанын толтыру тәртібінде:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің нысанын толтыру тәртібі";
б) 1-тармақта "сыныптау бойынша" деген сөздер "сыныптау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "қосымшаға сәйкес" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 3-тармақта:
3.3-тармақшада:
үшінші абзацта "Кеден одағына қатысушы мемлекеттің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "тауарды сыныптау бойынша" деген сөздер "берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.6-тармақшада "КО СЭҚ ТН бойынша" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.8-тармақшада "Негізгі түсіндіру қағидалары" деген сөздер "СЭҚ ТН Негізгі түсіндіру қағидалары" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.9-тармақшада "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Егер алдын ала шешімнің нысанын толтыру кезінде графаларда мәліметтерді көрсетуге арналған немесе кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік белгілер қоюына арналған орын жеткілксіз болған жағдайда мұндай мәліметтер мен қызметтік белгілер алдын ала шешімге қосымша парақта (бұдан әрі – қосымша парақ) көрсетіледі. Бұл ретте алдын ала шешімнің сәйкес графасында "ҚОСЫМША ПАРАҚТЫ қараңыз" жазбасы көрсетіледі.
5. Қосымша парақ мынадай тәртіпте толтырылады:
5.1. 1-графада алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5.2. 2-графада алдын ала шешімнің қабылданған күні көрсетіледі;
5.3. 3-графада қосымша парақтың реттік нөмірі көрсетіледі;
5.4. 4-графада алдын ала шешімнің сәйкес графасына қосымша мәліметтер көрсетіледі;
5.5. 5-графада кеден органының алдын ала шешімдерге қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды, сондай-ақ оның лауазымы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері көрсетіледі.";
д) көрсетілген Тәртіпке қосымшаның күші жойылды деп танылсын.