2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 29 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-тарауына және Келісімнің № 1 қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және Келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2018 жылға арналған тарифтік квотаның көлемі (бұдан әрі тиісінше – ұзын дәнді күріш, тарифтік квота) белгіленсін.
2. Тарифтік квота ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын ұзын дәнді күрішке қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:
осы Шешімнің 1-тармағында белгіленген тарифтік квотаның көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына ұзын дәнді күріштің импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруға тапсырма берсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 96 шешіміне ҚОСЫМША |
Вьетнам Социалистік Республикасында өсірілетін және 2015 жылғы 29 мамырдағы бір
тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші
тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы
келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына
әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2018 жылға арналған
тарифтік квота
КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы |
ЕАЭО | Тарифтік квота көлемі (тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Ұзындығының еніне қатысында 3-ке тең немесе артық толығымен жарылған буланған ұзын дәнді күріш | 1006 30 670 1 | 0,0 | 961,0 | 0,0 | 0,0 | 9 039,0 |
Ұзындығының еніне қатысында 3-ке тең немесе артық толығымен жарылған өзге де ұзын дәнді күріш | 1006 30 980 1 |