Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 171 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 102 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 171 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. 3-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешіммен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеде:
а) мәтін бойына тиісті септіктегі "Тараптар" деген сөз тиісті септіктегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақта "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 19-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша (бұдан әрі тиісінше – Одақ туралы Шарт, Одақ)) 7 және 44-тармақтарына сәйкес және Одақ туралы шарттың XV бөліміне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу, көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және жүзеге асыру талаптары мәселелері бойынша Комиссияның консультативтік органы болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын";
в) 2-тармақта:
екінші абзацта "Кеден одақына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – Тараптар) аумағы" деген сөздер "Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "аумағы" деген сөз "аумақтары" деген сөзбен ауыстырылсын;
г) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комитет өз қызметінде Одақ туралы шартты, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді басшылыққа алады.";
д) 4-тармақта:
1-тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді (олардың жобаларын), сондай-ақ мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін (олардың жобаларын);";
үшінші абзацта "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа" деген сөздер "Одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүше мемлекеттердің Одақ туралы шарттың, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін орындауына мониторинг және бақылау жүргізу тәртібін жетілдіру;";
е) 8-тармақта "тиісті бөлімдердің қызметкерлері" деген сөздер "лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) 10-тармақ "органдардың," деген сөздерден кейін "мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары, ғылыми және қоғамдық ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
з) 17-тармақта "қалалар" деген сөз алып тасталсын;
и) 20-тармақ күшін жойды деп танылсын;
к) 22-тармақ "органдардың" деген сөзден кейін "мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары, ғылыми және қоғамдық ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
л) 23-тармақтың бірінші абзацы күшін жойды деп танылсын.