Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 325-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеу нысаны;

      Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемінің есебін толтыру тәртібі бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 112 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу
бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеу
НЫСАНЫ






      Ескерту. Есептеудің осы нысаны құжаттар үшін қағаз тасымалдағышnа қолданылады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 112 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу
бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемінің есебін толтыру тәртібі

      1. Осы Тәртіп электронды құжат түрінде және қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемінің есебін тотыру (бұдан әрі тиісінше – қамтамасыз ету есебі, қамтамасыз ету көлемі) ережесін анықтайды.

      2. Электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебі Еуразиялық экономикалық комиссия анықтаған құрылымға сәйкес толықтырылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз етуді есептеу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      3. Қамтамасыз етудің бір есептеуінде тауарларға қатысты қамтамасыз ету көлемі туралы мәліметтер, тауарларға бір декларацияда (бұдан әрі – ТД) мәліметтері берілген тауарларға қатысты және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 325-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы құжаттар сұратқаны туралы мәліметтер және (немесе) төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының (бұдан әрі – кедендік, өзге де төлемдер) көлеміне ықпал ететін мәліметтерді растау мақсатындағы мәліметтер көрсетілуге жатады.

      4. Қамтамасыз етуді есептеуді толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылатын және пайдалануға жататын кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      5. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін графа ретінде электронды құжат түріндегі қамтамасыз етуді есептеудің құрылымының реквизиті (реквизиттері) немесе кіші бөлімдерді, бағандарды, элементтерді қамтитын қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз етуді есептеудің нысанының құрылымдық бірлігі ұғынылады. Осы Тәртіпке сәйкес бір графада бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      6. Электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебі қамтамасыз етуді есептеудің автоматтандырылған өңдеуі үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді кеден органының лауазымды адамы көрсетеді не кеден органының ақараттық жүйесімен құрылады. Көрсетілген мәліметтер құрамы электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебінің құрылымында анықталады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер электронды құжат түріндегі қамтамасыз етуді есептеудің қағаз көшірмесін басып шығару кезінде көрсетілмейді.

      7. Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз ету есебі біреуі қамтамасыз ету есебі толтырыла отырып, кеден органына арналған, екіншісі декларантқа арналған 2 данада А4 форматындағы қағаз парағында құрылады.

      8. Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз ету есебінің біреуінде біреуден көп тауарға қатысты қамтамасыз ету көлемі туралы мәлімет көрсетілсе, қамтамасыз ету есебінің негізгі парағына қосымша түрде қосалқы парақтар пайдаланылады.

      Қамтамасыз ету есебінің негізгі парағында бір тауарға қатысты қамтамасыз ету көлемі туралы мәлімет көрсетіледі. Қамтамасыз ету есебінің негізгі парағында 3-тен аспайтын тауарға қатысты қамтамасыз ету көлемі туралы мәлімет көрсетіледі.

      Осы Тәртіпті бір тауар ретінде қолдану мақсаттары үшін мәліметтері ТД 31-графасының бірінде көрсетілген тауарлар қаралады.

      9. Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз ету есебі графаларында мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болса, қамтамасыз ету есебінің келесі жағы немесе қағаз тасымалдағыштағы құжаттар түріндегі қамтамасыз ету есебінің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар (А4 форматындағы қағазда) (бұдан әрі – Қосымша) пайдаланылады. Бұл ретте қамтамасыз ету есебінің тиісті графасында "Кері жағын қараңыз" немесе "қосымшаны қараңыз" деген жазба жазылады. Қосымшаның барлық парақтары нөмірленуі тиіс.

      Қосымшаның әрбір парағында мыналар:

      оң жақ жоғарғы бұрышында – "Қамтамасыз ету есебіне қосымша ___ парақ, ТД № ____________________";

      қамтамасыз ету есебінің 5-графасының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген, "№ __ тауар" жазуы түріндегі қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауардың реттік нөмірі және әрбір тауар бойынша қамтамасыз ету есебі графасының нөмірі және қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз ету есебінің графасында орын жеткіліксіз мәліметтер көрсетіледі.

      Қосымшаның әрбір парағының оң жақ төменгі бұрышы қамтамасыз ету есебін толтырған кеден органының лауазымды адамының қолымен, және сол лауазымды тұлғаның жеке нөмірленген мөрінің баспа-таңбасымен куәландырылады.

      10. 1-графа "Тауарларға декларациялар нөмірі" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графаның бірінші кіші бөлімінде қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауарлар туралы мәліметтер берілген ТД тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебін толтыру кезінде графаның екінші кіші бөлімінде "ЭҚ" қысқартылған сөзі көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі қамтамасыз ету есебін толтыру кезінде графаның екінші кіші бөлімі толтырылмайды.

      11. 2-графа "Парақтар саны" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графаның бірінші кіші бөлімінде қамтамасыз ету есебі парағының реттік нөмірі көрсетіледі.

      Графаның екінші кіші бөлімінде негізгі және қосалқы парақтарды қоса алғанда қамтамасыз ету есебі парақтарының жалпы саны көрсетіледі.

      12. 3-графа "Барлық тауарлар" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада цифрлық тәсілмен қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауарлардың жалпы саны көрсетіледі.

      Қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауарлардың жалпы саны қамтамасыз ету есебінің толтырылатын 4-графасының санына сәйкес келуі тиіс.

      13. 4-графа "Тауардың сипаттамасы" мынадай тәртіпен толтырылады.

      Графада қамтамасыз ету көлеміне ықпал ететін және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес бір 10 санды сыныптау кодына жатқызу үшін қажетті қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауар туралы мәлімет көрсетіледі.

      Тауар туралы мәлімет Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 Шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықпен (бұдан әрі – Нұсқаулық) белгіленген ТД 31 графасын толтыру тәртібіне сәйкес көрсетіледі.

      Графада:

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді ТД 31-графасында көрсетілген мәліметтерге қатысты кеден органы жүргізсе, - кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталатын және оларға байланысты қамтамасыз ету көлемі есептелетін мәліметтерді есепке алып, ТД 31-графасында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер;

      өзге жағдайларда – ТД 31-графасында көрсетілген тауар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      14. 5-графа "№ тауар" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графаның бірінші кіші бөлімінде цифрлық тәсілмен мәліметі 1-шісінен бастап қамтамасыз ету есебінің 4-графасында көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Графаның екінші кіші бөлімінде цифрлық тәсілмен қамтамасыз ету көлемі есептелетін ТД 32-графасында көрсетілген тауардың реттік нөмірі қойылады.

      15. 6-графа "Тауар коды" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада бос орынсыз мыналар көрсетіледі:

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді тауардың сыныптамасы туралы мәліметтерге, - кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша және қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауар жіктелетін ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 сандық біліктілік кодына қатысты кеден органы жүргізеді;

      өзге жағдайларда – ТД 33-графасының бірінші кіші бөлімінде көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 сандық сыныптау коды.

      16. 7-графа "Шығарған ел коды" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес мыналар:

      Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді тауардың шыққан жері туралы мәліметтерге қатысты кеден органы жүргізсе, – тауардың шыққан жері кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша және қамтамасыз ету көлемі есептелетін шығатын жеріне қарай анықталатын (расталатын) тауар шығарылған елдің коды көрсетіледі. Сонымен қатар, қамтамасыз ету көлемі Еуропа одағының аумағынан тауардың шыққан жеріне қарай есептеледі, "EU" екі латын алфавитінен тұратын 2 сандық код көрсетіледі. Егер тауардың шығарылған жері белгісіз болса, код орнына "00" екі нөл қойылады;

      өзге жағдайларда – ТД 34 графасының "а" кіші бөлімінде көрсетілген тауардың шыққан елінің коды көрсетіледі.

      17. 8-графа "Жеңілдіктер мен артықшылықтар" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Нұсқаулықпен белгіленген ТД 36 графасын толтыру тәртібіне сәйкес графада кедендік төлемнің әрбір түрі бойынша келесі сызба бойынша кедендік төлемді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптамасына сәйкес код көрсетіледі:

      1-элемент – кедендік салымдар;

      2-элемент – кедендік баж бойынша;

      3-элемент – акциз (акциздер) бойынша;

      4-элемент – қосымша құн салығы бойынша.

      Бұл ретте тиісті элементте мыналар:

      1-элементтің әрбір бөлімінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – "–" сызықша белгісі, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін – "Z" әрпі;

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді кедендік бажды төлеу бойынша берілген жеңілдіктер және (немесе) тарифтік артықшылықтар туралы мәліметтерге қатысты кеден органы жүргізсе, – "ОО" әріптері;

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді акцизді (акциздерді) төлеу бойынша берілген жеңілдіктер туралы мәліметтерге қатысты кеден органы жүргізсе, – "О" әрпі;

      кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қосымша құнға салық төлеу бойынша берілген жеңілдіктер туралы мәліметтерге қатысты кеден органы жүргізсе, – "ОО" әріптері;

      өзге де жағдайларда – ТД 36-графасының тиісті элементтерінде көрсетілген мәліметтер көрсетіледі.

      Егер тауарға қатысты кедендік төлем ставкасы белгіленбесе, кедендік төлемнің осы түріне сәйкес келетін элементтің әрбір бөлімінде мыналар:

      Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – "–" сызықша белгісі;

      Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін – "Z" әріпі көрсетіледі.

      18. 9-графа "Таза салмағы (кг)" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада:

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы тауардың таза салмағы туралы мәліметтерге қатысты жүргізсе, - кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін және қамтамасыз ету көлемі есептелетін тауардың таза салмағы көрсетіледі. Бұл ретте тауардың таза салмағы туралы мәлімет Нұсқаулықпен белгіленген ТД 38-графасын толтыру тәртібіне сәйкес килограмда;

      өзге жағдайларда – ТД 38-графасында көрсетілген тауардың таза салмағы көрсетіледі.

      19. 10-графаа "Қосымша бірлік" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылса, графа толтырылады.

      Графада бос жолсыз мыналар:

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы қосымша өлшем бірлігінде тауар саны туралы мәліметтер қатысты жүргізсе, - кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін және оның негізінде қамтамасыз ету көлемі есептелетін қосымша өлшем бірлігіндегі тауарлардың саны көрсетіледі. Бұдан әрі өлшеудің қосымша бірлігінің символы мен коды бірлік сыныптамасына сәйкес көрсетіледі (қағаз тасымалдағышта "/" белгiсi арқылы құжат түрiндегi қамтамасыз етуді есептеуде, сондай-ақ қамтамасыз етуді есептеудiң құрылымы туралы тиiстi мәлiметтерде - электрондық құжат түрiндегi бағалы қағаздарды есептеу кезiнде);

      өзге жағдайларда – ТД 41-графасында көрсетілген қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны туралы мәлімет көрсетіледі.

      20. 11-графа "Кедендік құн" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада:

      егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы тауардың кедендік құны туралы мәліметтерге қатысты жүргізсе, – қамтамасыз ету есебі үшін құндық негізінің көлемі;

      өзге жағдайларда – ТД 45-графасында көрсетілген тауардың кедендік құны туралы мәлімет көрсетіледі.

      21. 12-графа "Тексеру коды" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада мынадай сызба бойынша құрылған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерудің 6 сандық цифрлық коды көрсетіледі:

      1-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тауар саны (салмағы) және (немесе) қосымша өлшем бірлігінде тауар саны туралы мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі;

      2-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тауардың шыққан жері туралы және (немесе) тарифтік артықшылықтар туралы мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі;

      3-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың сыныптама кодына қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі;

      4-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге кеден құны туралы мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі;

      5-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге кедендік, өзге де төлемдер аудару туралы мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі;

      6-элемент – кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге кедендік баждар, салықтар төлеу бойынша жеңілдіктер қолдану туралы мәліметтерге қатысты тексеріс жүргізу кезінде "1", егер мұндай мәліметтерге қатысты тексеру жүргізілмесе "0" көрсетіледі.

      Қағаз түрінде қамтамасыз етуді есептеу графасында кедендік және өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кодының барлық элементтері "/" бөлу таңбасы арқылы көрсетіледі, элементтер арасындағы бос орындарға жол берілмейді (

). Электронды құжат түріндегі қамтамасыз етуді есептеу графасында кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кодының элементтері қамтамасыз етуді есептеу құрылымының тиісті деректерінде көрсетіледі.

      22.  13-графа "Қосымша ақпараттар, ұсынылған құжаттар" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада ақпарат көздері туралы мәлімет көрсетіледі, оның негізінде қамтамасыз ету есебінің тиісті графаларына ТД-да көрсетілгеннен басқа мәліметтер енгізілген, оларға сәйкес қамтамасыз ету көлемі есептеледі. Ақпараттың әрбір көзі туралы мәліметтер қамтамасыз етуді есептеуде жаңа жолмен қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде көрсетіледі.

      Қамтамасыз ету есебінде қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде "/" бөлу белгісі арқылы, ал электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебінде – қамтамасыз ету есебі құрылымының тиісті деректемелерінде мыналар көрсетіледі:

      кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түріндегі сыныптауыштарға сәйкес код;

      мәліметтер алынған ақпарат көзі, оларға сәйкес қамтамасыз ету көлемі есептеледі (кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы құжаттың нөмірі және күні және (немесе) ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресурс атауы, мекенжайы).

      23.  14-графа "Төлемдерді есептеу" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада мәлімет қамтамасыз ету есебінде көрсетілген мәліметтерге қарай қамтамасыз ету есебінің 4-графасында көрсетілетін тауарларға қатысты кедендік, өзге де төлемдерді есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Графа Нұсқаулықта белгіленген ТД-нің 47-графасын толтыру тәртібіне сәйкес мынадай ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады.

      Кеден органдары тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасағанына кедендік баждарды есептеу туралы мәлімет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай кедендік алымдардың сомалары қамтамасыз ету көлеміне енгізілген жағдайда көрсетіледі.

      Кедендік, өзге де төлемдерді есептеу үшін база тауарлардың кедендік құны болып табылса немесе мұндай базаға тауарлардың кедендік құны қосылса, "есептеуге арналған база" кіші бөлімінде есептеуге арналған база туралы мәлімет мына жағдайларда:

      кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы тауардың кедендік құны туралы мәліметтерге қатысты жүргізсе, – қамтамасыз ету есебінің 11-графасында көрсетілген қамтамасыз ету көлемін есептеу үшін құндық негіз көлеміне байланысты;

      өзге жағдайларда – қамтамасыз етудің 11-графасында көрсетілген кедендік құнға байланысты көрсетіледі.

      Нұсқаулықта белгіленген ТД 47-графасын толтыру тәртібіне сәйкес ТД 47-графаның "ТЕ" (төлем ерекшелігі) графасында "ИУ", "ВУ", "ОП", "РП", "ВВ", "ЗН", "ОЧ", "ТР" не "УМ" (төлем төлеуден босату түріндегі төлемді төлеу бойынша жеңілдікті пайдалану немесе төлеуден толық босатуды көздейтін тарифтік артықшылықтарды қолдану кезінде "УM" коды орналастырылған жағдайларды қоспағанда) кодтары көрсетуге жатады, қамтамасыз етудің 14-графасының ТЕ кіші бөлімінде "ПУ" коды коды көрсетілсе – қамтамасыз ету есебінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес төлеуге жатуы тиіс болатын.

      24. 15-графа "Қамтамасыз ету көлемі" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада мәліметі қамтамасыз етудің 4-графасында көрсетілген тауарларға қатысты есептелген қамтамасыз ету көлемі көрсетіледі.

      Кедендік, өзге де төлемдердің әрбір түрі бойынша мәлімет қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде қамтамасыз етуді есептеуде, ал электрондық құжат түрінде қамтамасыз етуді есептеуде – қамтамасыз етуді есептеу құрылымының тиісті деректемелерінде жеке жолмен көрсетіледі.

      "Түр" кіші бөлімінде салықтар, жиындар және жинауы кеден органына жүктелген өзге де төлемдердің түрлерінің сыныптауышына сәйкес кедендік, өзге де төлемдердің түрлерінің коды көрсетіледі.

      "Сомасы" кіші бөлімінде қамтамасыз ету есебінде көрсетілген мәліметтерге қарай төлеуге жататын кедендік, өзге де төлемдердің 14-графада есептелген сомасы көрсетіледі.

      "Алдыңғы сомасы" кіші бөлімінде ТД 47-графасының "ТЕ" (арнайы төлем) бағанасында "ИУ", "ВУ", "ОП", "РП", "ВВ", "ЗН", "ОЧ", "ТР" не "УМ" коды (төлем төлеуден босату түріндегі төлемді төлеу бойынша жеңілдікті пайдалану немесе төлеуден толық босатуды көздейтін тарифтік артықшылықтарды қолдану кезінде "УM" коды орналастырылған жағдайларды қоспағанда) көрсетілген кедендік, өзге де төлемдердің ТД 47-графасында есептелген сомасы көрсетіледі. Егер қамтамасыз етуді есептеудің 14-графасында ТД 47-графасында есептелмеген кедендік, өзге де төлем көрсетілсе, немесе ТД 47-графасының "ТЕ" (арнайы төлем) бағанасында кедендік, өзге де төлемдерге қатысты "УН", "УР" немесе "УМ" коды ("УМ" коды төлемді төлеуден босату түрінде немесе төлемді төлеуден толық босатуды көздейтін тарифтік артықшылықтарды қолдану түрінде төлемнің артықшылықтарын пайдаланған кезде орналастырылған жағдайда) көрсетілсе, "Алдыңғы сома" кіші бөлімінде "0" цифры көрсетіледі.

      "Өзгерістер" кіші бөлімінде кедендік, өзге де төлем түрлері бойынша "Сомасы", "Алдыңғы сома" кіші бөлімдерінде көрсетілген көлемдердің әртүрлілігі көрсетіледі.

      25. 16-графа "Барлық тауарлар бойынша қамтамасыз ету көлемі" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Кедендік, өзге де төлемдердің әрбір түрі бойынша графада мәліметтері қамтамасыз ету есебінің 4-графасында көрсетілетін барлық тауарлар бойынша қамтамасыз ету көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде қамтамасыз ету есебін толтыру кезінде мәліметтер кедендік, өзге де төлемдердің әрбір түрі бойынша жеке жолда көрсетіледі, элементтер өзарасында тире "-" белгісімен бөлінеді, элементтер арасында бос жол қалдыруға жол берілмейді. Электронды құжат түріндегі қамтамасыз ету есебін тотыру кезінде мәліметтер қамтамасыз ету есебі құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      Қамтамасыз ету көлемі туралы мәлімет мынадай сызба бойынша құрылады:

      1-элемент – салықтар, жиындар және жинауы кеден органына жүктелген өзге де төлемдердің түрлерінің сыныптауышына сәйкес кедендік, өзге де төлемдердің түрлерінің коды;

      2-элемент – кедендік, өзге де төлемдердің тиісті түрлері бойынша қамтамасыз ету есебінің 15-графасының "Өзгерістер" кіші бөлімінде көрсетілген көлем сомасы;

      3-элемент – төлем валютасының коды.

      26. 17-графа "Қамтамасыз ету көлемінің қорытындысы" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Графада мәліметі қамтамасыз етуді есептеудің 4-графасында көрсетілген, қамтамасыз ету есебінің 16-графасында көрсетілген көлемді қосу арқылы анықталатын барлық тауарлар бойынша көлемі көрсетіледі.

      27. 18-графа "Т.А.Ә., лауазымы, күні" мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағада қамтамасыз ету есебін толтырған кеден органының лауазымды адамының тегі, аты-жөні және лауазымы, сондай-ақ қамтамасыз етуді есептеуді толтыру күні көрсетіледі.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде қамтамасыз етуді есептеуді толтыру кезінде графада кеден органының лауазымды адамының қолы және жеке нөмірленген мөрінің баспа-таңбасы қойылады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 112 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Тауарлардың кедендік құнын декларациялау, бақылау және түзету тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібінің 11-тармағының бірінші абзацы, 12 – 25-тармақтары және осы Тәртіпке № 2 – 4 қосымшалар күшін жойды деп танылсын.

      2. Кеден одағы Комиссиясының Шешіміне енгізілген өзгерістердің 2-тармағының "а" тармақшасында ("Тауарларға декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне қосымша):

      оныншы – жиырма тоғызыншы абзацтары алынып тасталсын;

      № 2 қосымшаға өзгерістер және № 4 қосымшамен Тәртіпке толықтырулар енгізугеге қатысты абзацтар (№ 1 қосымшаның жаңа редакциясынан кейін) алынып тасталсын;

      № 4 қосымшаның мәтіні алынып тасталсын.

      3. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне енгізілген өзгерістердің 9-тармағының "б" тармақшасында ("Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 Шешіміне қосымша):

      бесінші абзацта "және 11-тармақтың бірінші абзацында" деген сөздер алынып тасталсын;

      жетінші – он бірінші абзацтар алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады