Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 115 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімінің 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 115 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын
өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0304 95 600 0 кодындағы позицияның атауында "poutassou немесе Gadus" деген сөздер "poutassou, Gadus" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 80 190 0, 2008 80 390 0, 8519 89 190 0 және 8525 60 000 9 кодындағы позициялардың атауларында "өзгелері" деген сөз "өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 80 500 0, 2008 80 700 0 және 2008 80 900 0 кодындағы позициялардың атаулары қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

      4. ЕАЭО СЭҚ ТН 2932 20 100 0 кодындағы позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – фенолфталеин; 1-гидрокси-4-[1-(4-гидрокси-3-метоксикарбонил-1-нафтил)-3-оксо-1Н,3Н-бензо[де]изохромен-1-ил]-6-октадецилокси-2-нафтой қышқылы; 3′(-хлор-6′-циклогексиламиноспиро[изобензофуран-1(3Н), 9′(-ксантен]-3-он; 6′-(N-этил-п-толуидино)-2′-метилспиро[изобензофуран-1(3Н) ,9′(-ксантен]-3-он; метил-6-докосилокси-1-гидрокси-4-[1-(4-гидрокси-3-метил-1-фенантрил)-3-оксо-1Н, 3Н-нафто[1,8-cd]пиран-1-ил]нафталин-2-карбоксилат".

      5. ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 20 900 0 кодындағы позицияның атауы "жуғыш" деген сөзден кейін "құралдар" деген сөзбен толықтырылсын.

      6. ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 20 100 0, 3901 90 300 0, 3902 90 100 0, 3902 90 200 0, 3903 90 200 0, 3904 69 100 0, 3905 99 100 0 және 3911 90 110 0 кодындағы позициялардың атауларында "6б-ескертпеде" деген сөздер "6 (б) ескертпеде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. ЕАЭО СЭҚ ТН 4412 31 100 0 кодындағы позицияның атауында "шореядан" деген сөз "шорея" деген сөзбен ауыстырылсын, "Кляйн" деген сөз "Клайн" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. ЕАЭО СЭҚ ТН 5605 00 000 0 кодындағы позицияның атауында "немесе таспа, немесе ұнтақ" деген сөздер "немесе таспа немесе ұнтақ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. ЕАЭО СЭҚ ТН 5906 99 100 0 кодындағы позицияның атауында "4в-ескертпеде" деген сөздер "4 (в) ескертпеде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. ЕАЭО СЭҚ ТН 6211 32 900 0, 6211 33 900 0, 6211 42 900 0 және 6211 43 900 0 кодындағы позициялардың атауларында "өзге де" деген сөздер "өзгелері" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. ЕАЭО СЭҚ ТН 8408 10 110 0, 8408 10 230 0, 8408 10 310 0, 8408 10 410 0, 8408 10 510 0, 8408 10 610 0, 8408 10 710 0, 8408 10 810 0 және 8408 10 910 0 кодындағы позициялардың атауларында "кіші субпозиция кемелерінің" деген сөздер "субпозиця кемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. ЕАЭО СЭҚ ТН 8418 61 001 9 кодындағы позицияның атауында "өзгелер" деген сөз "өзгелері" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 70 150 0 кодындағы позицияның атауы қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

      14. ЕАЭО СЭҚ ТН 8519 81 150 0 кодындағы позицияның атауында "плейерлер" деген сөз "плеерлер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      15. ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 22 910 2 кодындағы позицияның атауы қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады