Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4-тармағының 3 және 4-тармақшаларын орындау мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 286-бабының 4-тармағы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия қалыптастыратын халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) жалпы тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылады;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген тізбеге өзгерістер енгізуді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдарынан тиісті ақпарат келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия жүзеге асырады деп белгіленсін.
2. Жалпы ақпараттық ресурстарды құру мақсатында мүше мемлекеттерден кеден органдарының:
а) мүше мемлекеттердің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) өзгеруі туралы ақпаратты;
б) мынадай мәліметтерді электронды түрде (*.doc немесе *.xlsx форматта):
халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) атауын;
халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) мекенжайын;
халықаралық пошта алмасу орнында (мекемесінде) мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кедендік операцияларды жасайтын кеден органының атауын және кодын Комиссияға жіберуін қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы 2017 жылғы 11 сәуірдегі шарты күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |