Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 135 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілермен немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасымен белгіленген, Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін (ЕАЭО ТР 044/2017) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2020 жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей жарамды болады.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап өнімнің Одақтың құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен бұған дейін белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін, техникалық регламенттің күшіне ену күніне дейін Одақтың құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімді мүше мемлекеттердің аумақтарында өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықта айналым белгісі) таңбалаусыз өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі;

      в) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Одақтың құқығына кіретін актілермен бұған дейін белгіленген міндетті талаптарға сәйкес, техникалық регламенттің күшіне ену күніне дейін берілген немесе қабылданған өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған жағдайда өнімді өндіруге және мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға шығаруға жол беріледі;

      г) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналымына осындай өнімнің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.Н.Корешков мүше мемлекеттермен бірлесіп, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында қарау үшін:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне көрсетілген Шешіммен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды өнімге қолдануға қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің жобасын;

      б) зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттар әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      в) кедендік декларация беру оған қатысты техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесін дайындасын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады