Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 142-бабының 11-тармағына және 146-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Халықаралық тасымалдаудың бір немесе бірнеше көлік құралдарымен белгілі бір кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) екі немесе одан да көп мүше мемлекеттерінің аумақтары бойынша тасымалданатын, Одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларға (бұдан әрі – бөлшектелген тауарлар) қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімі Кодекстің 3-тарауына сәйкес қабылданатын Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімде (бұдан әрі тиісінше – ЕАЭО СЭҚ ТН, сыныптау туралы алдын ала шешім), не Кодекстің 21-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын тауарды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі – сыныптау туралы шешім) тиісті сыныптау туралы алдын ала шешімде немесе сыныптау туралы шешімде көрсетілген жинақталған немесе жасалып біткен түрдегі бөлшектелген тауардың кодына сәйкес келетін ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес код көрсетіле отырып, бөлшектелген тауардың осы тауарға қатысты компоненттері ретінде көрсетілген осындай компоненттерге қатысты бірнеше транзиттік декларациялар беру жолымен декларациялануы мүмкін екендігі ескеріле отырып қолданылады.
2. Егер транзиттік декларацияда тауардың коды туралы мәліметтер осы Шешімнің 1-тармағына сәйкес көрсетілсе және компоненттерді кедендік декларациялау сыныптау туралы алдын ала шешімнің не сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдаудың бір немесе бірнеше көлік құралдарымен белгілі бір кезең ішінде Одақтың екі немесе одан да көп мүше мемлекеттерінің аумақтары бойынша тасымалданатын бөлшектелген тауар компоненттерін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері солар негізге алына отырып айқындалатын осындай компоненттерге қатысты кедендік баждардың, салықтардың сомасын айқындау үшін жинақталған немесе жасалып біткен түрдегі бөлшектелген тауарға қатысты белгіленген кедендік баждардың, салықтардың ставкалары қолданылады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |