Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 4-26 шешімі

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай

  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 6-қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 7-1-қосымша

Көксу ауданының жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Айнабулақ ауылдық округі

     


Алғабас ауылдық округі

     


Балпық ауылдық округі

     


Енбекші ауылдық округі

     


Мусабек ауылдық округі

     


Қаблиса ауылдық округі

     


Лабасы ауылдық округі

     


Мұқаншы ауылдық округі

     


Мұқыры ауылдық округі

     


Жарлыөзек ауылдық округі

     


  Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 4-26 шешіміне қосымша

Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңы түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар:

      1. осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2. осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

      3. осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасын;

      4. осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5. осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жанурларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6. осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

      7. осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      7-1. Көксу ауданының жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы негізінде, мемлекет мұқтажы үшін қайтарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық алқаптардың экспликациясы.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшіліктері, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 10 ауылдық округтен, 34 ауылдық елді мекеннен тұрады.

      Көксу ауданының жалпы жерінің көлемі 706,7 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер 498,1 га.

      Жер санаттары бойынша келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер 540,3 мың гектар;

      елді мекен жерлері 32,9 мың гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналған өзге де жерлер - 2,3 мың гектар;

      орман қорының жерлері 14,0 мың гектар;

      су қорының жерлері 0,4 мың гектар;

      босалқы жер қоры 102,9 мың гектар.

      Көксу ауданының климаты континенталды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150-260 мм, таулы аймақтарда 350-550 мм. Қаңтардың орташа температурасы -12-16°С, шілдеде +18+23°С.

      Жазық даласы жартылай шөлейтті сұры-қоңыр топырақтан, ал тау бөктері ашық-қоңыр, қара топырақтан тұрады.

      Аудан аумағында Көксу, Быжы, Жарлыөзек, Мұқыры, Мұқаншы өзендері ағып жатыр.

      Аудан аумағында өсімдіктердің 109 түрі тараған. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар.

      Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады.

      Көксу ауданында 14 ветеринариялық станциялар, 14 қолдан ұрықтандыру пункті және 14 мал көмінділері жұмыс істейді.

  Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Жыл дар

Жайылымдарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдер

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

2023

Наурыз айының
І-ші он күндігі Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі Қазан айының
ІІ-ші он күндігі

Қазан айының
ІІ-ші он күндігі Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының
ІІ-ші он күндігі

2024

Наурыз айының
І-ші он күндігі Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі Қазан айының
ІІ-ші он күндігі

Қазан айының
ІІ-ші он күндігі Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының
І-ші он күндігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады