Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін растайтын құжаттар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 139 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 304-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) коносамент, жүкқұжаты, көлік экспедициясымен шарт жасалғанын растайтын құжат, шот-фактура (инвойс), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (орау) парағы немесе Кодекстің 455-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағы болып табылмайтын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасымалдау жағдайында, – жөнелтуші немесе декларант куәландырған "Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары" деген жазба енгізілген өзге де көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттары;

      б) ішкі тұтыну немесе кері импорт кедендік рәсімі үшін кедендік шығару рәсіміне сәйкес тауарлар оған сәйкес Одаққа мүше мемлекетте шығарылған тауарларға арналған декларация, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес Одақ тауарларының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына әкелінгенін растайтын транзиттік декларация, Кодекстің 455-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағы болып табылатын Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасымалдау жағдайында, – Одақ тауарларының мәртебесін Кодекстің 2-бабы 1-тармағының 47-тармақшасы мәнінде растау үшін Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес пайдаланылатын өзге де құжаттар Одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру үшін осындай тауарлардың мәртебесін растайтын құжаттар болып белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады