Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік декларациялар толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістердің 2-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Көрсетілген өзгерістердің 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №149 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кедендік төлемдер төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышының (7-қосымша) 3.4-кіші бөлімінің 3.4.2-тармағында:
а) ОЗ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, инвестициялық алтынға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ОЗ" |
б) мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттерге қатысты ҚҚС төлеуден босату | СА |
Инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізатқа және (немесе) материалдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ИК |
2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойманың иесі сататын көлік құралының құрамындағы шикізатқа және (немесе) материалдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ИТ" |
2. Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):
а) 9-бөлім 09033 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"09041 | Армения Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі №822-н қаулысымен белгіленген Армения Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер, сондай-ақ оларға теңестірілген халықаралық ұйымдар таңбалауға жататын тауарларды таңбалаусыз әкелуді кеден органымен келісу тәртібімен көзделген таңбалаусыз әкелінетін тауарлардың тізімі**"; |
б) 11-бөлімнің атауындағы "**" сілтеме белгісі "***" сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
в) сілтемелерде:
"*" белгісі бар сілтемеден кейін мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:
"** Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілген бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты қолданылмайды.";
"**" белгісі бар сілтемедегі "**" сілтеме белгісі "***" сілтеме белгісімен ауыстырылсын.
3. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлері сыныптауышының (9-қосымша) 4-бөлімі мынадай мазмұндағы 4.41-кіші бөліммен толықтырылсын:
"4.41. Пайыздар
Кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдыру ұсынғаны үшін пайыздар | ХХХ6**** |
Кедендік әкелу бажын бөліп-бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар | ХХХ7****". |