Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 151 шешімі

      Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Одақтың техникалық регламентінің (Одақтың техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкес келетін өнімнің өз аумағындағы айналысын Одақтың техникалық регламентінде (Одақтың техникалық регламенттерінде) қамтылған талаптарға қатысты осындай өнімге қосымша талаптар қоймай және сәйкестікті бағалаудың қосымша рәсімдерін өткізбей қамтамасыз ету бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасына Одақ аумағына әкелінген және Одақ тауарлары мәртебесін алған шетелдік өндіріс өнімдерінің әкімшілік рәсімін – санитариялық-гигиеналық сараптамасын жүзеге асыру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 2-тармағының екінші абзацын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      2. Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады