Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 159 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 159 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже мынадай мазмұндағы 71-тармақпен толықтырылсын:

      "71. Комитет төрағасының орынбасары болып Комитет қызметінің бағыттары жөніндегі мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің басшысы тағайындалады.

      Комитет төрағасының орынбасары Комитет төрағасы болмаған жағдайда немесе оның тапсыруы бойынша Комитет төрағасының осы Ереженің 7-тармағында көзделген функцияларын орындайды.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 139 шешімімен бекітілген Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеде:

      а) 6-тармақта:

      бірінші абзацтағы "уәкілетті өкілдерінен" деген сөздер "басшыларынан (басшыларының орынбасарларынан)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац "Комитеттің құрамына" деген сөздерден кейін "мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органдар Комитеттегі уәкілетті органдар өкілдерін ауыстыру қажеттігі туралы Комиссияны дер кезінде хабардар етіп отырады, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.";

      б) мынадай мазмұндағы 81-тармақпен толықтырылсын:

      "81. Төрағаның орынбасары болып Комитет қызметінің бағыттары жөніндегі мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің басшысы тағайындалады.

      Төрағаның орынбасары Төраға болмаған жағдайда немесе оның тапсыруы бойынша Төрағаның осы Ереженің 8-тармағында көзделген функцияларын орындайды.";

      В) 9-тармақ "Комиссияның" деген сөзден кейін "Комитет қызметінің бағыттары жөніндегі мәселелер құзыретіне кіретін" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады