1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қазандағы № 199 шешімімен бекітілген Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
Қазақстан Республикасынан
Абдуалиева | – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары |
Жүнісова |
– Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары |
Құразов | – Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өкілдігінің директоры |
Қырғыз Республикасынан
Давлеталиев Азамат Салкынбекович |
– Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит операциялары басқармасының бастығы |
Джусупов Тимур Джолчуевич | – Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің Басқарма мүшесі |
Сулайманбекова Жылдыз Сагыналиевна | – Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің Қадағалау әдіснамасы және лицензиялау басқармасының бастығы |
Ресей Федерациясынан
Медина Елизавета Владимировна |
– Ресей Федерациясы Орталық банкінің Қаржы нарықтарын дамыту департаментінің шетелдік реттеушілермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы; |
б) Консультативтік комитет мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:
Ненахова |
– Ресей Федерациясы Орталық банкінің Қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың және миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет басшысының орынбасары; |
в) Консультативтік комитет құрамынан Т.Б.Жантасов, Б,А.Үмітбаев және Л.Д.Орозбаева шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | Т.Саркисян |