Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының 4.1.3-тармақшасына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша актілер әзірлеу мен іс-шаралар жоспарының 7 және 11-тармақтарын іске асыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С.Сидорский Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қараумен байланысты мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық даму банкі арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
2. Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарау бойынша жұмыс тобы құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруы үшін интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарау бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С.Сидорский қажет болған кезде Еуразиялық даму банкімен келісім бойынша көрсетілген жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізсін.
4. Осы Өкіммен құрылған жұмыс тобының тең басшылары жұмыс тобы туралы ережені бекітсін.
5.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей |