Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Эспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" № 2 шешімінің 4-тармағын іске асыру мақсатында:
1. 2017 жылғы тамызда Қазақстан Республикасында "ЭКСПО-2017" алаңында "Еуразиялық апта" форумын (бұдан әрі – форум) өткізумен келісілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтерінен және Еуразиялық экономикалық комиссиядан (бұдан әрі – Комиссия) форумды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі мәселелерді пысықтау сұралсын.
3. Мүше мемлекеттер үкіметтерінен осы Өкім күшіне енген күннен бастап 15 күндік мерзімде форумның ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрамына енгізу үшін, қажет кезінде оған бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуын көздей отырып, Комиссияға кандидатуралар беру сұралсын.
4. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, форумға мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін, үшінші елдердің өкілдерін қоса, басқа да қатысушыларды ерте бастан шақыруды көздестірсін.
5. Комиссия Алқасы:
мүше мемлекеттердің және Комиссияның өкілдерін енгізе отырып, Комиссия Алқасының мүшесі басшылық жасайтын ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітсін;
ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз етсін.
6. Ұйымдастыру комитеті форум бағдарламасын әзірлеу кезінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шараларды көздестірсін.
7. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |