2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 14 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру туралы ақпаратын назарға ала отырып, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен көзделген өтпелі ережелердің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің) электрондық паспорттарын, өздігінен жүретін мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын (бұдан әрі – электрондық паспорттар) ресімдеуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Беларусь Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қырғыз Республикасының Үкіметінен және Ресей Федерациясының Үкіметінен:

      а) мыналарды:

      Келісімді іске асыруға жауапты мемлекеттік билік органын;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 59 шешімімен айқындалған электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік органын (ұйымды) (бұдан әрі – ұлттық оператор);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген Тәртіпке сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) мен көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастыруға және жүргізуге жауапты мемлекеттік билік органын;

      электрондық паспорт болған кезде көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін;

      электрондық паспортты ресімдеу және оған өзгерістер енгізу кезінде мемлекеттік билік органдары (ұйымдары) және электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі (ұлттық оператор) көрсететін қызметтерге ақының мөлшері мен оны төлеу тәртібін;

      кәдеге жаратылған көлік құралдары (көлік құралдарының шассилері), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлері туралы электрондық паспорттар жүйелеріне мәліметтер беруді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдарын (ұйымдарын);

      тек өз қажеттеріне ғана пайдалану үшін және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген Тәртіпке және (немесе) тиісті мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін сұраулары бойынша кез келген мәртебедегі электрондық паспорттардағы мәліметтер толық көлемде және ақы төленбестен берілетін мемлекеттік билік органдарын;

      электрондық паспорттарды ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру тәртібін;

      электрондық паспорт бөлімдерінің барлық бос жолдары толтырылғаннан кейін уәкілетті органның (ұйымның) немесе көлік құралын (көлік құралының шассиін), өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымның электрондық паспорттың бірегей нөмірін беруінің 24 сағаттан аспайтын және электрондық цифрлы қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) қолдану арқылы электрондық паспорттағы мәліметтерді растау мерзімін;

      көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісіне электрондық паспортқа өзгерістер енгізу туралы өтініштер жіберуінің 24 сағаттан аспайтын мерзімін айқындайтын нормативтік құқықтар актілер қабылдау;

      б) заңдық маңызы бар электрондық паспорттарды ресімдей отырып, электрондық паспорттар жүйелерін тәжірибелік пайдалануды қамтамасыз ету;

      в) электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушылардың электрондық үкімет инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігін (қажет болған кезде) қамтамасыз ету;

      г) айына 1 реттен сиретпей Еуразиялық экономикалық комиссияны Келісімнің іске асырылу барысы туралы хабардар ету сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) паспорттарын ресімдеумен қатар көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) паспорттарын ресімдеуге болатын мерзімді ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының таяудағы отырысында қарауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
А. Мамин

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады