Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімінің 3-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018-2020 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын әуе көлігі бөлігінде іске асырудың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралар жоспарын дер кезінде орындауды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін және оның нәтижелері туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында хабардар етсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
|
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |