Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде орган құру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 16 Өкімі

      Ресей Федерациясының үкіметаралық келісім негізінде авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінен тыс тәуелсіз орган (бұдан әрі - авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі орган) құру ниеті туралы және Қазақстан Республикасының оны құру рәсімдеріне қатысуға мүдделілігі туралы ақпаратты ескере отырып:

      1. Ресей Федерациясының Үкіметі 2 апталық мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) үкіметтеріне авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі орган құру және оны пысықтау үшін жұмыс тобын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жіберсін.

      2. Мүдделі мүше мемлекеттердің үкіметтері авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі орган құру және оны пысықтау үшін жұмыс тобын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия үйлестіруді және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін және жұмыс барысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңесті 2018 жылғы бірінші тоқсанда хабардар етсін.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады